11 қараша 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» фракциясы «Нұр Жолы» – «Қорғас» өткізу бекетіндегі мыңдаған көлік кептеліс мәселесін қайта көтерді. Фракцияның депутаттық сауалын Меруерт Қазбекова жариялады.
ҚР Премьер-Министрі
А.Ұ.Маминге
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
2018 жылы Қазақ-қытай шекарасында «Нұр Жолы» (ҚР)- «Қорғас» (ҚХР) бақылау-өткізу бекеті ашылды.
Бақылау-өткізу бекеті ашылған кезде бекет күніне 2,5 мың көлік құралын өткізуге қабілетті екендігі, ал өту уақыты 30 минутқа дейін қысқаратыны айтылды.
Бұдан басқа «АСТАНА-1» Кеден органдарының ақпараттық жүйесінің арқасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен және «адамы фактор» барынша азайтылды делінген болатын.
Алайда, биылғы жыл Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттарына аталған бекет төңірегіндегі проблемалар мен қорқытып-бопсалау туралы шағымдарын жеткізді.
Биылғы жылғы 16 тамызда «Ақ жол» фракциясының депутаттары аталған кеден бекетіне барып, мемлекеттік органдар өкілдері мен кәсіпкерлермен кездесті.
Бақылау-өткізу бекетіне барған кезде 2,5 шақырымға созылған 50 мың көлік кезегі пайда болғанын көрдік. Жүргізушілер өздерінің жүк көліктерінің 2-3 ай бойы қозғалыссыз тұрғанына наразылықтарын білдірді. Ал кейбіреулері «пысықайлардың» арқасында кезексіз өту ақысы 1000-3000 АҚШ долларына дейін жеткені туралы шағым түсірді.
Сонымен қатар, үкіметтік деңгейде шешуді талап ететін проблемалардың тұтас түйіні анықталып, оны біздің фракция осы сапардың қорытындылары бойынша Сізге жолдаған сауалда көтерді.
Бізге ұсынылған жауапта аталған мәселе Үкіметтің бақылауында тұрғаны, қалыптасқан жағдайды шешу бойынша шаралар қабылданып, қыркүйек айында электрондық кезек енгізіліп, барлық мәселелер шешілетіні туралы жазылған.
Бірақ осы жылдың қараша айында кәсіпкерлер тағы да бізге шағымдарын жолдады. Ал 6 қарашада «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары «Нұр Жолы» кедендік бекетіне тағы барды.
Сапар қорытындысы мен СЭҚ қатысушыларымен кездесу барысында көрсетілген проблемалардың оң шешілгенін де атап өткен жөн.
Дегенмен, кәсіпкерлер тағы өзекті мәселелер көтеруде, оның ішінде жүргізушілердің үміттері үзілгені, келтірілген залалдар туралы айтуда.
Бұл электрондық кезектің ашық жұмыс істемеуіне, оның «Астана-1» кедендік ақпараттық жүйесімен синхрондалмауына, көп айлар бойы жүк көліктері кептелісінің жалғасуына байланысты. 20-ға жуық автомашина осы кезекте шамамен 90 күн бойы тұрған мысалдар бар.
600-ге жуық жүк көлігі орналасқан Құрлық порт аумағында қарапайым жағдайлар қарастырылмаған. Мысалы, біздің келуімізге бір апта қалғанда Құрлық портының басшылығы енгізген жүк көліктерінің кабиналарында тұратын жүргізушілерді тамақтандыру құқығы үшін де алымдар туралы хабарлады. Олардың айтуынша, бұл үшін бір көлікке 30 мың теңге алынады.
Кезекте тұрғандардың көбінің жүк көліктерінде экспорттық тауарлар (өсімдік майы, минералды су және т.б. тауарлар) тиелген, олардың жеткізу мерзімі өтуде. Қытай тарапынан келісім шарттардың бұзылуына байланысты жүктерден бас тарту оқиғалары да бар.
Жүк тасымалдаушылардың «Электрондық кезек» жүйесінің ашық жұмыс істемеуі ерекше наразылық тудырады. Бағдарлама нақты көліктің кезегіндегі нөмірін ғана көрсетеді, оның алдында және артында тұрғандарды көрсетпейді. Осыған байланысты, бұл «кезекке» сенімсіздік пайда болды, өйткені кейбір көліктер апта сайын кедергісіз өтеді, ал басқалары бірнеше айлар бойы тұр. Олар мемлекеттік кірістер Департаментінің ақпаратын көтеруді және тоқтаусыз жұмыс істейтін автокөліктерді көрсететін деректермен салыстыруды ұсынады.
Бүгінгі таңда электронды кезекте 6 мыңға жуық жүк көлік тұр. Жүргізушілер қозғалысты өз бетінше бақылау және «итерушілерді» жібермеу үшін тас жол бойындағы тірі кезекті қайтаруды талап етеді.
Кедендік ақпараттық жүйеге электрондық кезектің синхрондалуына байланысты өз кезегін күткен жүк көліктерінің де іркілістері мен бюрократиялық кідірістері орын алуда.
Тағы бір проблема - кедендік аумақтан арнайы техниканы шығару мәселесі. Оператор арнайы техниканы өз бетімен әкетуге тыйым салады, ал тартқыштың қызметі 2900 АҚШ долларына бағаланады.
Осыған байланысты кәсіпкерлер арнайы техниканы өз бетінше шығаратын машиналар үшін жеке кезек құруды сұрайды.
Бұдан бөлек, көліктік бақылау жұмысына да көптеген шағымдар түсуде. Өйткені кедендік бекетке жетпей-ақ, жүргізушілер қосымша 3 бекеттен өтуі керек. Олар өндіруші стандарттарына сәйкес емес, өз стандарттары бойынша кузовтың өлшемдері мен ұзындығын өлшейді. Нәтижесінде, еуропалық маркалардың жаңа жүк көліктері кейде біздің талаптарымыздан 10-20 см ұзынырақ болады, бұл әрдайым көліктің кешігуін тудыратын бопсалауға әкеп соғады.
Мұндай жағдайда ақы мөлшері 50 мың теңгеден басталады, өйткені далада кузовты кесуге болмайды.
Бұл - Қазақстан Қытай мен Еуропа арасын байланыстыратын көпір болуға, трансқұрлықтық тасымалдардан ақша табуға ұмтылып жатқанда болып жатқан оқиғалар. Осындай ауыр сынақтардан кейін көптеген жүк жөнелтушілер бұрынғы таныс теңіз жолы арқылы саяхаттауды жөн көретін болады.
Құрметті, Асқар Ұзақбайұлы, осыған орай, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы:
1) электрондық кезектің ашықтығын қамтамасыз етуді, ол үшін Құрлық портында кезекті онлайн трансляциялау арқылы монитор орнатуды;
2) электрондық кезекті «Астана-1» кедендік ақпараттық жүйесімен синхрондалуын қамтамасыз етуді;
3) Құрлық портында көлік жүргізушілеріне қалыпты жағдайларды және оларға тамақты тегін жеткізуді қамтамасыз етуді, дәретханалар мен жуыну орындарымен қамтамасыз етуді тапсыруды;
4) Қытай тарапымен жүк автомобильдерін өткізуді күніне кемінде 200 көлікке дейін ұлғайту туралы, сондай-ақ «Қолжат» кедендік өткелінен қосымша бекет ашу туралы келісімге қол жеткізуді;
5) көліктік бақылау жұмысымен айналысу, олардың талаптарын қазіргі замануи нормаларға сәйкес келтіру, осы бағытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейдтерді тұрақты жүргізуді сұраймыз.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары