11 қараша 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
ҚР Премьер-Министрі
А.Ұ. Маминге
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
«Ақ жол» партиясы Үкіметке бірнеше рет жекешелендірудің зиянды тәжірибесін, сондай-ақ денсаулық сақтау нысандарын кейіннен сатып алу жолымен сенімгерлік басқаруға беруді тоқтата тұруды талап еткен болатынбыз. 2017 жылдан бастап біз (2017 жылғы 28 қыркүйек, 25 қазан, 15 қарашада және 2019 жылғы 11 қыркүйекте) тиісті 4 депутаттық сауал жолдадық.
Біз іс жүзінде жекешелендіру негізінен денсаулық сақтау нысандарын белгілі бір адамдардың тобына төмендетілген бағамен сату екенін, ал кейіннен сатып алумен сенімді басқаруға беру - МӘМС-тің жан басына шаққандағы қаржыландырылуына байланысты мемлекеттің өз қаражаты есебінен мемлекетпен есеп айырысудан басқа ештеңе емес екенін атап өттік.
Сонда мемлекетке түсетін пайда неде? 2017-2020 жылдар аралығында барлығында 124 емхана сенімді басқаруға беру жоспарланған.
Пандемия кезінде, үкімет модульдік жұқпалы аурулар ауруханаларын салуға үлкен қаражат жұмсауға мәжбүр болған кезде және 2020 жылдың тамызында жаңа 13 аурухананың құрылысы туралы хабарланған кезде біздің алаңдаушылығымыз расталды.
Бүгін біз тағы да, медициналық мекемелерді жекешелендіру мәселесі бойынша жүгінуге мәжбүрміз. Оған тағы бір денсаулық сақтау нысанының сенімгерлік басқаруға беру себеп болып отыр.
20 жылдың 27 қазанында БАҚ-та Талғар аудандық ауруханасы мемлекеттік меншік нысанын «A Class Medikal» ЖШС-не сенімгерлік басқаруға беру туралы ақпарат жарық көрді. Сонымен қатар Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ЖШС-нің медициналық қызмет көрсету жұмысында мол тәжірибесі және кәсіби мамандары бар екенін атап өтті.
Сенімгерлік басқаруға беру туралы тендерді 2020 жылдың 7 қазанында Алматы облысының қаржы басқармасы жариялады және 23 қазанда «A Class Medikal» ЖШС жеңімпаз болып танылды.
Бұған дейін Үкіметтің біздің депутаттық сауалдарымызға берген жауабында, кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру сенімгерлік басқарушыдан белгілі бір міндеттемелердің орындалуын (мамандарды, қызмет түрлерін сақтауды, жабдықтарды сатып алуға инвестициялар салуды) талап етуге мүмкіндік беретіні атап өтілген болатын. Егер алғашқы екі талап сатып алушы үшін көп қиындық тудырмағанымен, инвестиция салу туралы талаптар тендерге қатысушыдан аталған әлеуеттердің болатынын білдіреді. Бұл ретте бұл мүмкіндік баланстық деректермен расталуы тиіс.
Талғар аудандық ауруханасының жекешелендіру тарихында қаржылық мүмкіндіктердің болуы, сондай-ақ аурухана сенімгерлік басқаруға берілген ЖШС-нің осы саладағы жұмыс тәжірибесі үлкен мәселе туғызады. «Еgov» деректеріне сәйкес, көрсетілген ЖШС 2020 жылдың 10 қаңтарында тіркелген, оның құрылтайшылары 3 жеке тұлға болып табылады және оларға медициналық қызметтер көрсетуге лицензия 2020 жылдың 15 қаңтарында берілген.
Осы жаңадан құрылған ЖШС-нің жұмыс тәжірибесінің жеткіліктілігіне қатысты үлкен күмән тудырады. Бұл кәсіпорын медицина саласында бір жылдан аз уақыт ішінде қалайша тәжірибе жинақтай алады? Мүмкін бұл ЖШС тендерге қатысу үшін арнайы құрылған шығар?
Басқаруға берілетін нысанның баланстық құны 6 321 403 мың теңгені құрайды. Осындай қуаты мен құны бар, ТМККК және МӘМС көлемі расталған бұл аурухана мемлекет тарапынан құзыретті басқару болмаған кезде ғана басқаруға берілуі мүмкін. Бірақ бұл жағдайда мемлекеттік қаражатты күмәнді түрде біреудің қалтасына түсірмей-ақ, осы аурухананың басшылығын ауыстыруға болады.
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, жоғарыда айтылғандарға байланысты, «Ақ жол» ҚДП фракциясы:
1. Пандемиямен күрес кезінде мемлекеттік медициналық мекемелердің қосымша санын талап ететін COVID-19 жағдайына байланысты денсаулық сақтау нысандарын жекешелендіруді және сенімді басқаруға беруді тоқтата тұруды;
2. Тиісті органдарға Талғар аудандық ауруханасын «A Class Medikal» ЖШС сенімді басқаруға беру заңдылығына тергеу жүргізуді тапсыруды сұрайды.
Құрметпен,
«Ақ жол» депутаттарының фракциясы