ҚР Премьер-Министрі
А.У. Маминге
ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы
Е.А. Досаевқа
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы
М. Е. Әбілқасымоваға
Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйектегі жолдауында «экономиканың зардап шеккен секторларында ШОБ-тың барлық қолданыстағы кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді жылдық 6%-ға дейін субсидиялауды қамтамасыз етуді» тапсырды.
4 қарашада біздің фракция Үкіметке, Ұлттық Банкке және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне осы тапсырманың кідіріссіз және толық орындалуын сұрап депутаттық сауал жолдады.
Сонымен қатар, «коронакризис» басталғаннан бері «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы халық пен ШОБ үшін несиелердің жалпы пайызын төмендету бойынша, оның ішінде Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесін 4-5%-ға дейін төмендету арқылы шаралар қабылдауды бірнеше рет талап етті.
Пайыздар осы деңгейге дейін төмендеген кезде несиелерді субсидиялауға бюджеттен жүздеген миллиард бөлу қажеттілігі болмас еді.
Мұндай сауалдар мен өтініштерді біз 11 наурыздан бастап алты рет жібердік (!): ағымдағы жылдың 5 сәуірі, 22 маусымы, 13 тамызы, 4 және 30 қыркүйегі.
Алайда мемлекеттік органдардан алған жауаптарда қаржы реттеушілерінің ШОБ-ты құтқару үшін түбегейлі шараларға баруға дайын еместігі көрсетілген.
Мысалы, Ұлттық Банктің жауабында ол «инфляциялық таргеттеу қағидаттарын ұстанады» деп айтылған, оның негізгі мақсаты «баға тұрақтылығын сақтау болып табылады».
Осыған байланысты Республиканың Тұңғыш Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» жолдауында осыған мәселеген байланысты нақты айтылғанын еске салуға мәжбүрмін, ол келесідей: «Ұлттық банк инфляция үшін ғана емес, сонымен бірге Үкіметпен бірлесіп экономиканың өсуі үшін жауап беруі тиіс».
Ұлттық банк Тұңғыш Президенттің тапсырмаларын орындауды қай уақыттан бастап тоқтатты?
ҚНРДА берген жауаптар одан да қызық, өйткені оларда базалық мөлшерлеме деген не және оның табиғатын түсіну қаншалықты қиын екендігі туралы терең ойлар бар.
Бірақ бұл пайымдаулар «неге мұндай парасатты қаржыгерлер Қазақстанның базалық ставкасын 9,25% белгілеп, инфляцияны 8,5% деңгейінде (бұл тек ресми түрде) ұстап тұра алмайды» дегенге жауап бермейді.
Ал Еуропадағы «сауатсыз» банкирлер, мысалы, теріс аймақта Euribor банкаралық қаржыландырудың базалық ставкасын -0,5/-0,55% белгілей отырып, инфляцияны 0,5-0,8% ұстайды.
Яғни, онда сіз 100 еуро көлемінде несие ала аласыз, ал бес жылдан кейін 97 еуро етіп қайтарасыз. Ал бізде бес жылдан кейін 200 еуроның барлығын қайтару керек.
АҚШ ФРЖ және басқа да көптеген батыс және шығыс елдердің орталық банктері, соның ішінде көршілес Ресей де сандық жұмсартудың ұқсас саясатын ұстанады.
Неліктен дағдарыс кезіндегі барлық қалыпты елдерде банкирлер өз бизнестерін қолдайды және несие береді, ал біздің банкирлер қазірдің өзінде онсыз да әлсіреген тұрғындар мен бизнеске «ауыр жүк арқалатуды» жалғастыруда?
Инфляциямен күресудің ең тиімді құралы - өз тауарларымызды өндіру. Ал біздің қаржы реттеушілеріміз оны жоюда.
Басқа жауаптарда базалық мөлшерлемені төмендетуден бас тарту депозиттердің кірістілігін ұстап тұруға негізделеді. Олай болса депозиттердің негізгі иелері кім екенін ашық жариялаңыз? Қанша азаматтың, айталық, 10 млн теңгеден астам жинақтары бар (яғни салымдарды кепілдендіру көбірек)?
«Альпари» агенттігінің өткен жылғы зерттеуі бойынша ҚР-да ересек тұрғындардың тек 3,5%-ы (немесе 380 мың адам) жылына 10 мың АҚШ долларынан астам табыс тапқан (яғни 4 млн. тг). Иә, мүмкін, осы 380 мың адамның депозиттері бар шығар. Оларды қолдау және қорғау керек, бірақ бұл басқаларды кедейлілікке алып келмеуі тиіс. Халықтың 3,5%-ы үшін депозиттер бойынша жоғары табысты қамтамасыз етуге біздің азаматтарымыздың қалған 96%-ы кредиттер бойынша үлкен пайыздарды төлеуі қаншалықты әділ?
Біз депозиттер ұлттық компанияларда, мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекеттік даму институттарында, шикізат алыптарында және монополистерде бар екенін мойындаймыз. Бірақ олардың депозиттеріндегі жоғары кірістер үшін банктер шағын және орта бизнесті неліктен жояды? Квазимемлекеттік сектор, даму институттары, жер қойнауын пайдаланушылар мен монополистердің қаражаты заңды тұлғалардың депозиттеріндегі қанша үлеске ие екендігі туралы ақпарат беруіңізді сұраймыз. Сонда біз осындай үлкен пайыздарды төлей отырып, отандық кәсіпкерлер мен халықтың кімге жұмыс істейтінін түсінеміз.
Есеп комитеті ұлттық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар немесе даму институттары мемлекеттен алынған ақшаны мақсаты бойынша инвестициялаудың орнына оларды депозиттерге орналастыруды, содан кейін осы пайыздарға миллиондаған сыйақы жазуды жөн көретін фактілерді үнемі анықтап отыратыны кездейсоқ емес.
Ал банктердің өздері еркін қаражатты экономикаға емес, табыстылығы базалық мөлшерлемеге байланыстырылған Ұлттық Банктің ноталарына салғанды жөн көреді.
Осылайша, барабар жоғары базалық мөлшерлеме инвестициялық белсенділікті тежейді және біздің азаматтар мен кәсіпкерлерге ауыр жүк түсіріп, оларды банкроттыққа дейін жеткізеді. Бірақ борышкерлердің ең төменгі әлеуметтік кепілдіктерін қорғайтын жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңды мемлекеттік органдар қабылдағысы келмейді.
Ұлттық Банк пен Қаржы нарықтары жөніндегі агенттік мұндай саясат байлар бай болып, ал кедейлер кедей болып қала беретін әлеуметтік жіктелуге алып келетінін түсінбейді ме?
Дәл осы тенденция қоғамға, экономикаға және тіпті мемлекеттілікке үлкен қауіп болып келе ме?
Әрі қарай. Президенттің ШОБ-тің барлық қолданыстағы несиелерін субсидиялау туралы тапсырмасын орындауға қатысты жауаптарда 4 мың ШОБ субъектісі үшін 8 мың несие бойынша субсидиялар мақұлданғаны хабарланады. Алайда қанша кәсіпкер көмек сұрап жүгінгені, олардың қаншасы қайта қаржыландырудан бас тартқаны туралы мәліметтер келтірілмеген.
ҰКП мәліметінше, карантин кезеңінде 1 млн-нан астам бизнес субъектісі зардап шекті; олардың 430 мыңнан астамы жабылды немесе қызметін тоқтатты. 430 мыңның 4 мыңын қолдау деген не? Пайыздың оннан бір бөлігінен де аз!
Бұл бизнеске қолдау көрсету немесе бас тарту туралы шешімді мемлекеттік органдар, тіпті «Даму» немесе басқа да даму институттары емес, банктердің өздері қабылдайтындығынан болып отыр. Қорқытып алушылық және негізсіз бас тарту жағдайлары бойынша кәсіпкерлердің бізге жүгінгені тегіннен тегін емес.
Іс жүзінде мемлекеттік органдар ШОБ қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты банктерге беріп қойған. Бүгінде Ұлттық Банк пен ҚРҚНРДА-нің бастамашыл ұстанымының арқасында бизнесті қолдау және халықтың сатып алу қабілеті саласындағы мемлекеттік саясатты мемлекеттік органдар емес банктер айқындайды.
Бірақ бұл мемлекеттік мүдделер тұрғысынан қаншалықты дұрыс? «Ақ жол» демократиялық партиясы мұндай жағдайды экономика мен бизнесті дамыту мүдделеріне сәйкес келмейді деп санайды. Айта кетейік, Президент Қ.Тоқаев 430 мыңның 4 мыңын емес, барлық зардап шеккен ШОБ субъектілеріне кредиттерді 6%-ға дейін төмендетуді тапсырған болатын.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттық фракциясы төмендегілерді ұсынады:
1) Ұлттық Банкке – базалық мөлшерлемені 4-5%-ға дейін төмендету;
2) Қаржы нарықтары агенттігіне – халық пен ШОБ үшін барлық несиелер бойынша пайыздарды төмендетуге қол жеткізу;
3) Банктерге қайта қаржыландыру үшін өтініш жасаған шағын және орта кәсіпорындарға пайыздарды 6%-ға дейін төмендетуден бас тартуға тыйым салсын. Немесе, кем дегенде, екінші деңгейлі банктерді кәсіпкерге несиені қайта қаржыландырудан бас тартуды жазбаша түрде уәждеу, мұндай бас тартуды сот тәртібімен даулау құқығымен міндеттеу керек.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары