ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министріне
ҚР Энергетика министріне
Ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық тауарларды сатып алу міндеттемесі жойылды.
Салалық бизнес қауымдастықтардың ақпараты бойынша жоғарыда аталған міндеттемелердің жойылуына орай байланысты секторларда өндіріс пен персоналдың айтарлықтай қысқаруы күтілуде.
Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы келесі ақпаратты ұсынуды сұрайды:
- 2015-2020 жылдар аралығында әрбір ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушы бойынша жергілікті қамтудың үлесі қандай болды?
- Осы кезеңде әрбір ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушы бойынша сатып алу процесінде қанша рет жергілікті қамту талаптары бұзылды және оларға қандай шаралар қолданылды?
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жер қойнауын пайдаланушылармен жергілікті кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасу тәртібін бекіту туралы бұйрықтың жобасы қаралып жатқаны белгілі.
Осыған байланысты көрсетілген құжаттарда келесі жағдайлардың қарастырылуы немесе қарастырылмауы туралы хабарлауыңызды сұраймыз:
1. Уәкілетті органдарға қазақстандық өндірушілердің мүдделерін бұзушылықтар анықталған кезде сатып алу нәтижелерін жою, шетелдік жер қойнауын пайдаланушыларға өкілеттіктер беру.
2. Кәсіпкерлердің салалық одақтарының өкілдерін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алу үлгісі бойынша тендерлік комиссиялардың тәуелсіз мүшелері ретінде жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу жөніндегі тендерлік комиссияларға қосу.
3. Қазақстандық өндірушілерге орындалған келісім-шарттар үшін ақы төлеу мерзімін 60 күннен астам мерзімге кеңінен пайдаланылатын кейінге қалдырудың орнына күнтізбелік 30 күнге дейін қысқарту.
4. Уәкілетті мемлекеттік органның, сондай-ақ өндіруші өңірлердегі жергілікті атқарушы органдардың жұмысын бағалау үшін жергілікті қамту үлесінің көрсеткіштерін айқындау көзделе ме? Өкінішке орай, бірқатар өндіруші облыстарда жалпы өнімдегі ШОБ үлесі жалпы республикалық көрсеткіштерден орта есеппен екі есе артта қалып отыр.
«Ақ жол» фракциясы бұл ережені жарамсыз деп санайды және осы бойынша 2020 жылы 11 қарашада тиісті депутаттық сауал жолдады.
Өткен аптада Президент Қ.Тоқаев Samruk Business Forum шарасы барысында жергілікті қамтуды анықтау әдістемесін жетілдіруге шақырды. Ол бұл оңды өнеркәсіптік саясатты құруға, отандық бизнесті қолдау құралдарын тиімді реттеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ сатып алу процесінің барлық сатыларының барынша ашықтығын қамтамасыз ету маңызды.
Бұл Президенттің отандық бизнесті шенеуніктерден гөрі жақсы түсінетіндігінің айқын мысалы. «Ақ жол» фракциясы шетелдік жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу жүйесінде оқшаулау (жергілікті қамту) талабы ең басты мәселелердің бірі деп санайды.
Жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде мемлекеттік органдардан Президенттің тапсырмалары мен ұлттық бизнестің мүдделерін ескеруді талап етеміз.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясы депутаттары
Жауап: