02
Наурыз

02.03.2022

«Ақ жол»: Темір жол монополистерін бақылау қажет

2 наурыз 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министріне

Бәсекелестікті қорғау және дамыту

агенттігінің төрағасына 

Депутаттардың өңірлерге соңғы сапарлары барысында «Ақ жол» демократиялық партиясына қиыршық тас өндірумен және сатумен айналысатын кәсіпкерлер жүгінді.

Айналымнан көрініп тұрғандай, компаниялар қосымша күтпеген шығындардың туындауына байланысты сатылатын тауарлардың бағасын көтеруге мәжбүр. Мұның себептерінің бірі теміржол тасымалдарына арналған тарифтердің үнемі өсуі, сондай-ақ жүктерді тасымалдауға арналған вагондардың тапшылығы болып табылады.

Бүгінгі таңда нарық қатысушыларының пікірінше, «Қазақстан Темір жолы» АҚ-ның жүктерді тасымалдау және вагондарды жеткізу жөніндегі баға саясаты мемлекет тарапынан бақыланбайды, керісінше ҚТЖ монополиясын ескере отырып, өндірушілерге тарифтердің жыл сайынғы өсуінен көрінетін тиімсіз жағдайлар жасалады.

Бұдан басқа, қызметтер құнының қымбаттауына ҚТЖ-дан логистикалық компанияларға қосалқы жалға берілген теміржол вагондарының құны әсер етеді, олар ҚТЖ АҚ мен жүк жөнелтушілер арасында белгілі бір «делдал» болып табылады.

Нәтижесінде теміржол тарифі екі компоненттен құралады: біріншісі, тасымалдау құны және локомотивтік тартым – операторға, яғни «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС төлемі, екіншісі – «Қазтеміртранс» АҚ немесе логистикалық компаниялар ұсынған вагондардың құны.

Осылайша, вагондарды жүк тиеуге «Қазтеміртранс» АҚ немесе вагондар жалға берілген компаниялар береді, ал локомотивтерді «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС ұсынады. Локомотивтердің жетіспеушілігіне байланысты вагондар ұзақ уақыт бойы темір жолдарда жүруде, соның салдарынан жүк жөнелтушілер вагондардың бос тұрғаны үшін айыппұл санкцияларын төлеуге мәжбүр, бұл жағдай өз кінәсінен емес, «ҚТЖ - Жүк тасымалдары» ЖШС кінәсінен орын алады.

Мәселен, бір ғана ақтөбелік компания «KZ LOGISTICS COMPANY» ЖШС пайдасына вагондардың тұрып қалғаны үшін 3 ай ішінде 5 237 мың теңге айыппұл төледі және мұндай мысалдар көп. Осы жылдың ақпан айынан бастап «Қазтеміртранс» АҚ вагондардың тұрып қалғаны үшін жаңа тарифтер енгізді, егер бұрын тариф 1 сағат тұрып қалу үшін 205 теңгені құраса, енді тоқтап тұру сағаттарының санына қарамастан, әрбір тәулік үшін 12.500 теңге тариф белгіленеді.

Бастапқыда вагондардың барлық паркі «ҚТЖ» АҚ-на тиесілі болды және вагондар мен жүк тасымалдарымен проблемалар болған жоқ. Бірақ кейіннен бүкіл парк «Қазтеміртранс» АҚ-на берілді, ал тасымалдаушы болып «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС жарияланды, вагондарды тұрақты жеткізуде проблемалар туындады. Сонымен қатар, қиыршық тас өндіруші «Қазтеміртранс» АҚ-дан жалға алынған, бірақ жоғары мөлшерлемемен вагондарды ұсынған компаниялар пайда болды. Бірте-бірте вагондар паркі жалдау шартына жеке компаниялардың қолына көшті, сәйкесінше бағаның өсуі жиі орын алды.  

Делдал компаниялардың пайда болуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоққа шығармайды, жүк тасымалдаушылардың белгілі бір тобының мүдделері үшін вагондарды беруді қолдайды. Осындай жағдайлар орын алып та жатыр. Біз депутаттық сауалға кәсіпкерлердің осындай фактілер көрсетілген өтінішінің көшірмесін қоса береміз.

2022 жылғы 8 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қ. Ж. Тоқаев делдалдардың таратылуын шешуді тапсырды. Осы орайда ол келесіні атап өтті: «Әңгіме компаниялар мен тарифтер, әртүрлі делдалдар, монополиялық операторлар, қажетсіз агенттер туралы болып тұр. Бұл мәселе бәрімізге белгілі. Сұрақ: олардың қызметтері үшін кім төлейді? Әрине, тұтынушы төлейді».

Жүк тасымалдау тарифтері мен жүктерді тасымалдау үшін жасанды түрде жасалған вагондар тапшылығы жағдайында делдалдық компаниялардың құрылуы біржақты әсер етті. Мұны мұқият түсініп, шұғыл шаралар қабылдау керек, өйткені құрылыс материалдарының құнын арттыру болашақта құрылыс нысандарының құнына әсер етеді.

Жоғарыда аталғандарға байланысты «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы төмендегілерді сұрайды:

1) Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің теміржол вагондарын жеткізу саласында жосықсыз бәсекелестік белгілерінің бар-жоғын тексеруді. «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ тұлғасында монополистің баға саясатын бақылауды қамтамасыз етуді.

2) Жүктерді темір жолмен жеткізу құнын төмендету мақсатында вагондарды ұсыну қызметтеріндегі барлық делдалдарды алып тастауды.

3) Қалыптасқан практиканың орынсыздығы туралы мәселені қарау және жүк темір жол тасымалдары қызметтерінің бірыңғай процесін үйлестіруді қалпына келтіруді.

Құрметпен, «Ақ жол» фракциясының депутаттары