2 наурыз 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» демократиялық партиясы өз қызметін темір жол жүк тасымалдары арқылы жүзеге асыратын кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін тұрақты негізде көтеріп отырады.
Сонымен, КСРО ыдырағаннан кейін Луговая – Бішкек - Балықшы теміржол желісі 2 учаскеге бөлінді: Луговая, Бішкек – Балықшы, ұзындығы - 322 км. Бұл ретте, Луговая бекетінен Шалдовар бекетіне дейінгі (ҚР шекарасы 61 км) жол учаскесі Қазақстанға аумақтық тиесілігіне қарамастан, екі жағынан қоршалып, шекарашылар күзететін Қырғыз темір жолының қарамағына берілді.
1993 жылы ТМД-ға қатысушы елдер теміржол тасымалы бойынша тарифтік келісімге қол қойды, оған сәйкес Швейцариялық франк тариф валютасы болып танылды. Алайда, Швейцариялық франк бағамының өсуімен Қырғыз темір жолдарының тарифтері де өсіп, қазақстандық тарап үшін тиімсіз бола бастады. Мысалы, Мерке бекетінен Луговая бекетіне дейін ұзындығы 42 км болатын 1 жабық вагон немесе хопперды тасымалдауға арналған экспорттық тариф ҚТЖ тарифінің ұқсас маршруты бойынша тура бір жарым есеге қымбат.
Бұл аумақта көптеген астық қабылдау пункттері, Меркі қант зауыты, бақша шаруашылығы, әсіресе қант қызылшасын өндіру дамыған. Олар өз жерлері арқылы өтетін темір жол үшін қолданылатын экспорттық тарифтерге төтеп беруге мәжбүр және осыдан өнімнің өзіндік құны артып, бәсекеге қабілеттілік төмендейді.
Шекара маңындағы аумақта орналасқан ондаған шаруа қожалықтары жыл сайын баға жетпес шығынмен өсірілген дәнді дақылдарды Қырғызстанға беруге мәжбүр, алайда оларды басқа өңірлер мен елдерге неғұрлым қолайлы бағамен тиімді сатуға мүмкіндік бар.
Осыған ұқсас жағдай «Меркі қант зауыты» ЖШС-де де орын алып отыр, оның өндірілетін өнімінің үлесі барлық Меркі ауданының жалпы өнеркәсіптік өндірісінің 86%-ын құрайды. ЖШС шикізатты темір жол арқылы тасымалдайды, қырғыз жол учаскесіндегі әрбір вагон үшін жыл сайын 1,5 мың вагон айналымы кезінде шамамен 100 мың теңге артық төлейді.
Қолайсыз тарифтердің салдарынан астық қабылдау пункттері де зардап шегуде, өйткені бастапқыда кеңес дәуірінен бастап АҚК құрылысы кезінде және барлық қызмет темір жолға байланысты болды.
Астықты 10 теңгеге қымбат сату үшін автокөлік жалдап, оны Малдыбай бекетіне дейін АҚК-ға апаруға тура келеді, ал бұл 120 км қосымша жол, ол тасымалдауға пайданың едәуір бөлігін жұмсайды.
Тарифтерге қатысты ұқсас проблема басқа елдердің теміржол әкімшіліктеріне тиесілі басқа учаскелерде де байқалады.
Мысалы, Оңтүстік Орал темір жолы экспорттық тарифтер қолданылатын Солтүстік Қазақстан облысы арқылы өтеді.
Бұдан басқа, жоғары экспорттық тарифтерді қолдануға мәжбүр болған темір жол магистралінің тағы бір учаскесі – Ақтөбе - Орал жолы.
Сонымен қатар, бұл учаскелерде көптеген отандық кәсіпорындар, элеваторлар орналасқан. Олар арқылы ЖЖМ, құрылыс материалдары мен басқа да жүктерді жеткізу жүргізіледі.
Мұндай жағдайда кәсіпкерлер, халық және бюджет зардап шегеді, олар өз аумағы арқылы жүк транзиті үшін артық ақы төлеуге мәжбүр.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты аталған проблемаларды жою бойынша жұмыс жүргізуді сұраймыз.
Құрметпен, «Ақ жол» фракциясының депутаттары