14
Сәуір

14.04.2021

«Ақ жол» жұмыс істеп тұрған көлік парктеріне қажетті субсидияларды төлеуді талап етеді

 ҚР Премьер-министрінің орынбасары

Р.В. Склярға

Бұл депутаттық сауалға «Ақ жол» демократиялық партиясына еліміздің автобус тасымалы саласындағы кәсіп иелеріненен келіп түскен көптеген арыз-шағымдар түрткі болды.

Бүкіл әлемде қоғамдық көлік шығынды сала болып табылатыны бәрімізге белгілі. Бұл салаға мемлекет еріксіз шығындарды жабу кепілдігімен, жеке тасымалдаушыларды тартады.

Қазақстанда тұрақты қалалық, қала маңындағы және ауылдық маршруттарға қызмет көрсету кезінде кәсіпорын шығындарын бюджет қаражатынан субсидиялау міндеті «Көлік туралы» және «Автомобиль көлігі туралы» заңдар, сондай-ақ бірқатар нормативтік құқықтық актілердің нормаларына сәйкес, жергілікті атқарушы органдарға жүктелген.

Алайда, тәуелсіздіктің барлық жылдарында заңнама талаптары, жалғыз-жарым ерекшеліктерді қоспағанда, бұл салада толық орындалмаған, субсидиялау ешқашан жүзеге асырылмаған.

Бұл аудандар мен қалаларда тұрақты автобус тасымалдарын мүшкіл жағдайға әкелді және де барлық жеке автопарктер банкротқа ұшырау алдында тұр.

Тәжірибелі қызметкерлер лайықты жалақы іздеп, жаппай жұмыстан кетуде. Қалған жүргізушілер үнемі жұмысты артығымен істеп, осыған байланысты жол-көлік оқиғаларының қаупі артуда.

Жоғарыда аталған жәйіпті түсіне отырып, Үкімет 2018 жылы «Автобус тасымалдарын дамыту жөнінде кешенді бағдарлама» қабылдады, онда тасымалдарды толық көлемде субсидиялау, автобус паркін жаңарту, электрондық билеттеу жүйесін енгізу, заңсыз тасымалдаушыларға қарсы күрес жөніндегі шаралар қамтылған.

Алайда, Бағдарлама іс жүзінде сәтсіз аяқталды. Әлеуметтік маңызы бар саланы  субсидиялау 2019 жылы ғана басталды. 2020 жылдың өзінде кейбір облыстарда 2021-2023 жылдарға арналған бюджетті бекіту кезінде субсидиялауға арналған шығыстар қарастырылмаған.

Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Өскемен қалаларының жергілікті атқарушы органдары субсидия төлемеу үшін тұрақты маршруттарды әлеуметтік маңызы бар деп танымады. Ақтауда бұл 2020 жылдың 11 желтоқсанында жүзеге асырылды.

Бірқатар өңірлерде мемлекеттік органдар мақсатты түрде жеке автопарктерді ығыстырып, «Шымкент Бас», «Ақжайық автопаркі» сияқты квазимемлекеттік кәсіпорындар құруда.

Бірақ мұндай жағдайдың өзінде де бұл мекемелердің шаруашылық қызметіне араласып, субсидиялар төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін орындамай отыр.

Бұған мысал «Семей Бас» Жауапкершілігі шектеулі шағын кәсіпорынында орын алғандай субсидиялар бюджетте қарастырылған болса да, әкімдіктер автопаркті сәтсіздіктер үшін кінәлап, өздеріне заңдармен, мемлекеттік бағдарламамен, шарттармен жүктелген субсидиялар (төлеу) жөніндегі өз міндеттерін орындамай, мекемені банкроттыққа дейін жеткізілуі.

Сондықтан өңірлерде азып-тозған автопарктердің жұмысын тоқтату туралы жүргізушілердің тарапытанан мезгіл-мезгіл жанжалдар өршіп тұр.

Өкінішке орай, жалғыз жақсы мысал: Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласын келтіруге болады, мұнда субсидиялар бірнеше жылдар бойы заңнамаға сәйкес төленуде.

Жалпы, қоғамдық көліктің негізгі проблемалары шешілмеген күйінде қалып отыр. 2020 жылғы 24 қаңтарда өткен Үкімет отырысында Қазақстан Президенті мемлекеттік органдардың әрекетсіздігін сынға алып, «екі ай ішінде қалалық жолаушылар тасымалы саласында тәртіп орнату және оларды субсидиялау проблемаларын жүйелі түрде шешу» тапсырмасын берді.

2020 жылғы 25 қарашада Үкімет «Қазақстан Республикасында автомобиль көлігінде қалалық жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы» 2020-2022 жылдарға арналған өкім шығарды.

Бұл құжат іс жүзінде жүзеге аспаған 2018-2020 жылдарға арналған алдыңғы «Кешенді бағдарламаны» қайталайды, осы бағдараламаны орындамаған үшін ешкім ешқандай жауапқа тартылған жоқ.

Осыған байланысты «Ақ жол» Демократиялық партиясының фракциясы:

Автобус тасымалындағы күрделі жағдайды сауықтыру, соның ішінде жұмыс істеп тұрған автопарктерге тиесілі субсидияларды төлеу жөнінде шұғыл шараларды қабылдауды сұрайды.

Құрметпен,

 «Ақ жол» фракциясының депутаттары