Қазақстан
Республикасының
Бас Прокуроры Б.Н. Асыловқа
Вице-премьер Е. Жамаубаевқа
Өңірлерге іссапар барысында Қонаев қаласында орналасқан
еліміздегі ең ірі макарон өнімдерін шығаратын «Маревен Фуд» кәсіпорнының
басшылығы «Ақ жол» демпартиясының депутаттарына жүгінген еді. Компания Жапония
мен Вьетнам инвесторларымен құрылып, 95 пайызы қазақстандық шикізаттан
өндірілетін «Роллтон», «BigBon», «Петра», «Actibo» және т.б. брендтерімен
отандық тез дайындалатын азық-түлік нарығының 70 пайызын алып жатыр.
Кәсіпорын басшылары атап өткендей, 2018 жылы Қазақстанда
өндіріс ашылғаннан бері олар өз өнімдерін экспорттау үшін қосымша құн салығын
қайтару жөнінде салық органдарына өтініш жолдап, дауласып келеді.
Екі жыл бұрын «Ақ жол» фракциясы бұл компанияны
мемлекеттік органдармен дау-дамайда қолдаған болатын. Өкінішке қарай, уақыт өте
келе қордаланған мәселелер қайтадан жиналды. Қазіргі уақытта Компания қосымша
құн салығын қайтаруға 18 өтінім жолдаған, бұл шамамен 7 млрд теңгені құрайды.
Мұндай қомақты сома Mareven компаниясының өз өнімдерінің
негізгі бөлігін (70%) экспортқа жіберуімен байланысты. Алайда, олар салық
органдарының төленуі тиіс соманы қайтару туралы өтінішін қанағаттандырудан бас
тартуына ұдайы тап болады.
Бұл ретте кәсіпорынның әрбір өтініші бойынша Алматы
облысы бойынша Мемлекетік кірістер департаментінің мамандары құжатты салықтық
тексеру жүргізіп отырған. Тексеру нәтижесі бойынша 18 акт жасалып, оның ішінде
12 жағдайда бас тарту қабылданған. Тек Қаржы министрлігінің апелляциялық
комиссиясына түскен төрт шағым мен үш соттан кейін ғана небары 900 мың теңгенің
қайтарылуы мақұлданған.
Mareven компаниясына қатысты жағдай біздің шенеуніктердің
инвесторларға, жұмыс істеп тұрған салаларға және жалпы бизнес-климатқа деген
немқұрайлы көзқарасы мен бұрмалауының айқын нәтижесін көрсетеді.
Яғни, бізде дайын өнімді экспорттау туралы құрғақ сөз
ғана бар, жоғарыда аталған кәсіпорын мысалына сүйенсек, кенді, металды, мұнайды
экспортқа жөнелтетін шикізат өндірушілердің мұндай проблемасы жоқ екенін
байқаймыз, ал, азық-түлік өндірушілердің құқығы жиі бұзылады.
Өкінішке қарай, жылдан жылға қайталанатын жағдайға
байланысты инвесторлар қорытынды жасап, жаңа жылда экспортты өндіріс көлемінің
30 пайызына дейін қысқарту бойынша саясатын қайта қарауға, ал жоғалған экспорт көлемінің орнын толтыру үшін отандық ұнды пайдаланса да өндірісті көрші Өзбекстанда ашуға мәжбүр болып отыр.
Инвестициялар мен заңды бизнес мүддесін тиісінше қорғауды қамтамасыз етпейінше, елдің іскерлік ахуалы нашарлап, әлеуетті серіктестердің қызығушылығы төмендейді деп санаймыз.
Жоғарыда айтылғанға байланысты «Ақ жол» демпартиясының
депутаттық фракциясы келесіні сұрайды:
1) Бизнестің заңды мүддесін қорғау және осы өнімдерді
экспорттау үшін қосымша құн салығын толық қайтарылуын қамтамасыз ету;
2) Әрекеті инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқығын бұзып,
экспортқа бағытталған бизнестің қысқаруына және оның басқа елге ауысуына әкеп
соқтырған лауазымды шенеуніктердің қызметіне тексеру жүргізу.
Бұл жағдайға шұғыл араласу барлығына осы саладағы тәртіпті қалпына келтіру бойынша маңызды ескерту болады деп үміттенеміз.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары
Е.Барлыбаев
А.Перуашев
Д.Еспаева
Қ.Иса
А.Садықов
Е.Бейсенбаев