Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары
С. М. Жұманғаринға
Жақында Маңғыстау облысында мектеп асханасында 460 адамның улануы жұртшылықты дүр сілкіндірді.
Жүргізілген
эпидемиологиялық тексерудің нәтижелері, болжанғандай, өрескел санитарлық
бұзушылықтарды анықтады.
Өкінішке орай,
бұл факт жалғыз емес.
Тек ҚР Денсаулық
сақтау министрлігінің санэпидбақылау комитетінің ресми деректері бойынша, 2024
жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанда жаппай тамақтан уланудың 10 жағдайы
тіркелген. 215 адам зардап шекті, оның ішінде 103 і балалар.
Уланудың жалпы
санының 60 пайызы қоғамдық тамақтандыру объектілеріне, 20 пайызы білім беру
объектілеріне, қалған 20 пайызы сауда объектілеріне тиесілі.
Уланудың барлық
жағдайлары немесе өмір мен денсаулыққа қауіпті тауарларды сату фактілері қанша
екенін ешкім білмейді.
2019 жылы
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында: «Бизнес өкілдері
санитарлық-эпидемиологиялық саладағы нормалар мен ережелерді бұзатын болса,
ондай компаниялар жабылып, иелері жауапкершілікке тартылады.», - деген болатын.
«Ақ жол» фракциясы, адал кәсіпкерлердің
мүдделерін қорғай отырып, аталған
тапсырманы әрдайым қолдауда.
Мәселен,
тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын талқылау шеңберінде, біздің
фракция Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне (415-бап) сапасы қауыпсіздік
талаптарына сай келмейтін өнімді
айналымнан мәжбүрлеп қайтарып алуды ұсынған болатын.
Қауіпсіздік
талаптарға, техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін немесе оларды растаусыз
өнімді өткізу - дереу тоқтатылуы, ал адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп
төндіретін тауардың өзі – нарықтан алынып тасталуға және жойылуы тиіс делінген
болатын.
Алайда, Үкімет өз
қорытындысында ойдан құрастырылған және негізсіз себептермен осы ұсыныстарды қолдаудан бас тартты.
Бұл түзетулер
қоғам мен елдің денсаулығына, өмірлік құқықтарға қатысты болғасын «Ақ жол»
демпартиясы бұл тәсілді қолдамайды.
Естеріңізге сала
кетейік, «Ақ жол» Демпартиясы 2013 жылдан бастап, Техникалық реттеу саласында
тәртіп орнату мәселесін көтеріп келеді. Өйткені, ол өнеркәсіптік және тұтыну
өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың техникалық регламенттермен
анықталуына байланысты ерекше өзектілікке ие.
Сол кезде, біз жосықсыз импорттаушылар азаматтарымыздың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өнімдерді кедергісіз әкелген кезде мысал келтіргенбіз. Тіпті анықталған жағдайдың өзінде, оларды тек айыппұл ғана күтеді, ал тауардың өзін тәркіленбейді. Миллиондаған долларлық айналымда, мұндай «жаза» тек келеке-мазақ шақырады: мәселен, Шығыс Қазақстандағы импорттаушылардың бірі 130-дан астам рет осындай айыппұлдар төлеп, бұл оған көптеген жылдар бойы улы ойыншықтарды әкелуді және балаларды улауды жалғастыруға кедергі болмаған.
«ҚР Парламенті
және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес,
Үкіметтің депутаттарға түзетулер енгізуге қорытындысы бюджеттің шығыстары мен
кірістеріне қатысты мәселелер үшін ғана талап етіледі. Ал, біздің түзетулеріміз
азаматтардың өмір қауіпсіздігіне қатысты екендігін атап өту қажет.
Осыған
байланысты, Үкіметтің теріс қорытындысына қарамастан, біз Үкіметтің ұстанымымен
үзілді-кесілді келіспейтінімізді білдіреміз және осы заң жобасын талқылау
барысында өз ұсыныстарымызды талап ететін боламыз.
Сонымен қатар
«Ақ жол» фракциясы Үкіметтен сапа мен қауыпсіздік талаптарына сай келмейтін
тауарларды айналымнан шығарып алу механизмдерін енгізуді талап етеміз.
Жоғарыда айтылған оқушылардың жаппай улануы - осындай механизмнің жоқтығының тікелей нәтижесі деп санаймыз. Оның жауапкершілігі осындай ұсыныстарға қарсы шығатын шенеуніктердің мойында.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары
Бейсенбаев Е.
Перуашев А.
Еспаева Д.
Иса Қ.
Барлыбаев Е.
Ерубаев С.