ҚР Премьер-министрі
Ә.А.Смайыловқа
Ұлттық банк төрағасы Т.М.Сүлейменовке
Биылғы
Жолдауында Президент Тоқаев тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет коммерциялық
банктер мен олардың мемлекеттік реттеушілерін сынға алды. Президенттің жеке өзі
осындай баға беруге мәжбүр болуы - оның жағдайды бақылауда ұстап отырғанын ғана
емес, Ұлттық банк пег Қаржы нарығын дамыту агенттігі тарапынан саланы
мемлекеттік реттеудің жарамсыздығын да көрсетеді. Қалай дегенде де, Жолдауда
келтірілген фактілерді біз осылай тұжырымдаймыз.
«Ақ жол»
депутаттық фракциясы бұл сынды толық қолдайды. Банк портфельдерінің бизнесті
несиелендіруді қысқарту арқылы тұтынушылық несиелеуге қарай ауытқуын «Ақ жол»
демпартиясы соңғы бірнеше жыл бойы талмай айтып келеді.
Жолдауда
берілген тапсырмалар мемлекеттің экономикалық саясатының өзгеруі мен көпжылғы
банк мүдделерін қорғаудан алшақтауды білдіреді деп санаймыз.
Мұндай
қорғаушылықтың мысалы ретінде «Ақ жол» партиясына коммерциялық банктер
қызметіндегі заңсыз мүдделердің шектеулі туралы кәсіпкерлер шағымы көптеп
келуде.
Мысалы, банк
талап еткен ақпаратты не құжаттарды дер кезінде ұсынбағаны үшін әр жағдайда 10
АЕК көлемінде айыппұл салынады; кепілдік мүлікті рәсімдеу мерзімінің бұзылғаны
үшін өсімпұл кепілдік құнының 10% құрайды; қарыз сомасын нысаналы мақсатынан
тыс пайдаланғаны үшін өсімпұл – мақсатынан тыс пайдаланылған қарыз сомасының 15
%; несие желісін уақытылы пайдаланылмағаны не дер кезінде пайдаланылмағаны үшін
айыппұл пайдаланылмаған не дер кезінде пайдаланылмаған несие желісінің 5%
құрайды және т.б.
Одан бөлек,
келісім талартары бойынша банк қарызды өтеудің бұзылуы жағдайында кезектілік
пен шара қолдану құқығын өз еркінде қалдырады.
Сондай-ақ,
бағдарламада қарастырылған жағдайда банк шарт талаптары бойынша сыйақы
мөлшерлемесін біржақты тәртіппен жоғарылату құқығын өзіне қалдырады.
Нәтижесінде
екінші деңгейлі банктердің несие берудегі осындай жойдасыз шарттар ШОБ
субъектілерін үмітсіз күйге түсіріп, оларды кәсіпкер үшін тиімсіз шарттармен
келісім-шарттар жасауға мәжбүрлейді, бұл Мемлекет басшысының ШОБ-ты қолдауға
бағытталған саясатын жоққа шығарады.
Қазіргі базалық
мөлшерлеме жағдайында 20 және одан да көп пайыз көлеміндегі несиенің жоғары
пайыздарын өтеу, оған қоса тонаушылық айыппұл мен өсімпұлдарды, қызметкерлерге
уақытылы жалақы мен салықты төлеу, содан кейін ғана пайда табу өте қиын.
Банктер тарапынан мұндай бассыздыққа жол берілуінің басты себебі тараптардың міндеттемелерінің толық тізбесі мен олардың рұқсат етілген параметрлерін қамтитын бірыңғай банк қарызының типтік келісі-шартының болмауында деп санаймыз. Мұндай құжатты енгізу жөніндегі біздің ұсыныстарымызды қаржылық реттеушілер неше жылдан бері елемей келеді.
Жоғарыда
аталғандарды негізге ала отырып, «Ақ жол» демпартиясы ұсынады:
- екінші
деңгейлі банктер жүзеге асыратын ШОБ субъектілерін қолдау бағдарламаларын
бағдарламалар мен заңнамаға сәйкестік тұрғысынан талдау;
- Кеңейту
құқығынсыз тараптардың нақты міндеттемелері белгіленетін ШОБ несиелік желілері
үшін банк қарызының типтік келісім-шартын әзірлеу
- Ұлттық банктің
базалық мөлшерлемесін төмендету.
⁃ Банктерді несие сомаларының кемінде 30% ШОБ-ты қаржыландыруға бағыттауға міндеттеу.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары