Премьер-министрдің
орынбасары
Н.С. Байбазаровқа
"Ақ жол" демпартиясы отандық
өнеркәсіп пен өндіріс өкілдерін қолдауға баса назар аударады.
Мемлекет басшысы 2023 жылдың 12 сәуірінде
өткен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты кеңейтілген жиында салықтық
жеңілдіктерді жоғары өзіндік құнын бар өнімді өндіруге инвестициялар тартуға
қайта бағыттау керектігін айтқан болатын. Осы орайда, Үкіметтің бүкіл
экономикалық саясатын экономиканы диверсификациялауға, оны
индустриализациялауға және түбінде инвестиция тарту мақсатына жұмылдыру керек.
Бүгінгі таңда ҚР заңнамасында
инвестициялық жобалар үшін жеңілдіктер қарастырылған, мысалы, технологиялық
жабдықты және оған арналған жинақтаушы бұйымдарды әкелу кезінде кедендік
баждарды төлеуден босату, сондай-ақ нөлдік мөлшерлемемен салықтық жеңілдіктер:
- КТС 10 жылға;
- мүлік салығы 8 жылға;
- инвестициялық жобаны жүзеге асырудан
бастап жер салығы 10 жылға.
Бұл ретте, Кәсіпкерлік кодексінің
287-бабында бизнес жоғарыда аталған жеңілдіктерді алуы үшін инвестициялардың ең
аз мөлшерлері қандай болуы керектігі көрсетілген:
- жаңа өндірістер ашуға 2 млн. МРП (яғни,
7,4 млрд теңге);
- қолданыстағы өндірістерді кеңейту не
жаңарту үшін 5 млн. МРП (яғни, 18,5 млрд теңге).
Демек, инвестициялар бұл сомалардан аз
болса, онда бизнес те жеңілдіктер ала алмайды.
Сонда ақылға қонымсыз жағдай туындайды:
жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейтуге жеңілдік алу үшін жаңа өндірісті іске
қосқаннан екі жарым есе көп қаражат салу керек.
Бұл ретте кез келген кәсіпкер жаңа
кәсіпорынды жаңадан құру оны одан әрі кеңейту немесе жаңғыртудан әлдеқайда
қымбат екенін растайды.
Осыған байланысты жаңғыртуға жеңілдіктер
алу үшін жаңа өндірісті құруға қарағанда көп емес, азырақ инвестиция салынатын
ынталандырудың кері пропорциясы құрылуы керек.
Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы жаңа
өндірістерді құрудағы мемлекеттік қолдау үшін 2 млн АЕК және одан жоғары (яғни,
7,4 млрд теңгеден бастап) мөлшерді сақтап, өндірісті жаңғыртуға не кеңейтуге
мемлекеттік қолдауға жеткілікті инвестицияны 1 млн АЕК (яғни, 3,7 млрд теңгеден бастап) астам
мөлшерде анықтауды ұсынады.
Бұл тәсіл басқалармен қатар жаңа
инвесторларды тартуға ғана емес, сонымен қатар олардың жаңа технология мен
өнімнің жаңа түрлерін игеруге тапқан пайдасын қайта инвестициялауға қолайлы
жағдай туғызатынына сенімдіміз.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары
Е.Барлыбаев
А.Перуашев
Д.Еспаева
Қ.Иса
С.Ерубаев
Е.Бейсенбаев