22
Қантар

22.01.2025

Әлеуметтік алшақтық: әр қазаққа мүмкіндік беру – уақыт талабы

ҚР Премьер-Министрінің

орынбасары

Т. Б. Дүйсеноваға

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына әсер ететін аса маңызды проблемалардың бірі болып, байлар мен кедейлер арасындағы өмір сүру деңгейінің жинақталған алшақтығы табылады.

2022 жылғы 21 қаңтарда Президент Қ. Тоқаев ірі бизнес өкілдерімен кездесу барысында, халықаралық сараптамалық ұйымдардың деректері бойынша, ел байлығының жартысына тек 162 адам иелік ететінін, ал халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайтынын атап өткен болатын.

Мұндай жіктелу мен теңсіздікке жол беруге болмайды және ол қауіпті құбылыс.

Мемлекет басшысы өзінің Жолдаулары мен сөйлеген сөздерінде, ұлттық табысты әділ жолмен қайта бөлу қажеттілігі туралы да бірнеше рет мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты азайту мәселесі, әлі күнге дейін мемлекеттік органдар тарапынан кешенді және біртұтас көзқарасқа ие бола алмай отыр.

Бұл тұрғыда, жақсы шетелдік тәжірибе бар.

Мәселен, АҚШ-та 8 беделді университетті біріктіретін «Айви Лигасы» («The Ivy League») жастарға, ата-аналарының жоғары білімі жоқ немесе мемлекеттік қызметте қызмет атқармаған қарапайым отбасылардан келген үміткерлерге артықшылық беру арқылы әлеуметтік теңсіздікті теңестіруге бағытталған арнайы грант бағдарламаларын ұсынады.

Бұл әлеуметтік лифт жүйесі, жастарға сапалы білім алуға, беделді жұмысқа орналасуға, содан кейін өмірде лайықты орын табуға мүмкіндік береді.

Мұндай тәсілдер, мемлекеттік қызметке және ірі корпорацияларға қабылдау кезінде де қолданылады.

Қазақстанда, аз қамтылған халықты қолдау бойынша, мысалы, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК), ауыл жастарына, мүгедектерге, көп балалы және толық емес отбасыларға арналған білім беру гранттары және т. б. сияқты жекелеген шаралар жүзеге асырылатындығын мойындау қажет.

Алайда, біріншіден, олар біртұтас тұжырымдама құрамайды, екіншіден, ағымды қажеттілікке көбірек байланысып, әрі қарай жұмысқа орналасуға, өз ісін құруға немесе осындай азаматтардың кәсіби өсуіне қолданылмайды.

Шын мәнінде, біздің «әлеуметтік лифт», дипломға дейін, жастардың болашақ тағдырына септігін тигізбей, тек бірінші қабатта ғана жұмыс істейді.

Экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлауды мақсат етіп қойған және әлемнің жетекші университеттерінде дарынды студенттерді оқытуға бағытталған «Болашақ» бағдарламасының өзі, табысы төмен үміткерлер үшін қол жетімді емес, өйткені оны алудың негізгі талаптарының бірі болып, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепіл мүлкі болуы қажет.

Нәтижесінде ауқатты және аз қамтылған отбасылар арасындағы өмір сүру деңгейі мен сапасындағы әлеуметтік алшақтық азаймауда. 

«Ақ жол» демпартиясы, қолданыстағы тәсілдерді әлеуметтік алшақтықты қысқарту жөніндегі бірыңғай кешенді бағдарламаға біріктіру, сондай-ақ оны қазақстандықтарға аман қалуға ғана емес, болашаққа сенімді қарауға мүмкіндік берген басқа да жобалармен толықтыру қажет деп санайды.

Біз, аз қамтылған отбасылардан шыққан жастарға қажетті шешімдерді қамтитын бірқатар шаралар әзірлеуді ұсынамыз:

- кәсіптік және жоғары білім алу саласында;

- мемлекеттік қызметке кіру кезіндегі преференциялар;

- ұлттық компанияларға жұмысқа орналасу кезінде;

- өз бизнесін жүргізу үшін қолдау шаралары;

- тұрғын үй мәселесін шешу және т.б.. 

«Әр қазақ менің жалғызым».

Адамдарға өз таланттарын, амбицияларын жүзеге асыруға, өмірде лайықты орын табуға мүмкіндік беру керек.

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары

Е. Бейсенбаев

А. Перуашев

Д. Еспаева

Қ. Иса

Е. Барлыбаев

С. Ерубаев