08.01.2014
2014 жылдың 8 қаңтарында жарияланған
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
С.Н.Ахметовке
Депутаттық сауал
Құрметті Серік Нығметұлы!
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 119-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының астанасында мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде меншiк иесiнің таңдауы бойынша тұрғын үйдiң нарықтық құны мөлшерiнде өтемақы төленедi не меншігіне тұрмысқа жайлы тұрғын үй берiледi.
Алайда, іс жүзінде осы Заң нормаларын жүзеге асыру барысы айтарлықтай алаңдатып отыр.
Мәселен, мемлекет мұқтажы үшiн олардың үйлерін және жер учаскелерiн мәжбүрлеп алған кезде уәкілетті органдармен алынған мүлік үшін сәйкессіз төмен өтемақы белгіленеді, сондықтан тұрғын үйлердің иесі болып табылған азаматтар «Ақ жол» партиясына өтініштермен келуде. Мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын мүлікті бағалаудың қолданыстағы әдістемемелері астанадан осындай көлемдегі және сапалы басқа тұрғын үй алу шығындарын жаппайды.
Сонымен қатар, ақшалай өтемақы мөлшерімен келіспеген жағдайда осы азаматтардың – тұрмысқа жайлы тұрғын үй алуды таңдау құқығы – мүлдем еленбейді.
Мәселен, «Ақ жол» депутаттық фракциясына 2007 жылдан бері өз құқықтарын қорғап жүрген азаматтар Д.А.Кенжебековадан, С.Т.Серікбаевадан, Б.Д.Айдашевадан, Б.Бейсеновадан, Ж. Жұмабековадан және басқалардан өтініш хаттар келіп түсті. Мысалы, мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын мүлкі үшін азаматша Д.А.Кенжебековаға 3,3 млн. теңге төленген.
Ал, азаматша С.Т.Серікбаеваға отбасымен, оның ішінде 4 жасөспірім баласымен тұрған 100 шаршы метрден астам көлемді тұрғын үй құрылысы үшін 2,7 млн. теңге төленген, бірақ тек жер телімінің кадастрлық құны 7 млн. аса теңгені құрайды. С.Т.Серікбаеваның Сот арқылы дауларынан кейін төлемақы сомасын 4 млн. теңгеге дейін өсірді. Алайда, отбасы астанадан мұндай сомаға тек бір бөлмелі пәтер ғана сатып ала алады, бұл отбасының құрамына, сол сияқты олардан алынған тұрғын үйдің көлеміне де сәйкес келмейді. Осындай жағдайлар басқа да меншік иелерінде де қалыптасқан.
Мұндай әділетсіздіктің құқықтық қайшылықтардан пайда болғаны анықталды, саяжайлық жер телімдерінде тұрғылықты тұру үшін заңды тіркелуге (тіркеуге) рұқсат етілген, бірақ саяжайлық жер телімдеріндегі салынған үйлердің өзі заңнамамен тұрғын үй объектілеріне қосылмағандықтан тұрғын үй ретінде бағаланбайды.
Аталған азаматтар саяжайлық жер телімдерін меншігіне сатып алған. Ал, оларды саяжайға тұру үшін кедергісіз тіркеуге алған, сол себепті бұл отбасылары жер телімін алып, тіркеуден өткен соң, ол жерге үй салған және сол мекен-жай бойынша тұрған. Олармен жылжымайтын мүлікке және осы үйлерде тұрақты тұруға құқық беретін қажетті құжаттардың барлығы белгіленген тәртіппен алынған.
Туындап отырған жағдайда бұл отбасыларының кінәлары жоқ.
Алайда, заңнамалық қайшылықтардан дәл солар шетте қалып, жапа шегіп отыр.
Сонымен қатар, ҚР Конституциясының 26-бабының 3-тармағына сәйкес, бұл заңмен ерекше жағдайларда ғана мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру қарастырылады және оның құны тең бағамен өтелген кезде ғана жасалуы мүмкін екені белгіленгені мәлім.
«Ақ жол» партиясы осы қарама-қайшылықтарды тез арада жою қажет деп есептейді, осыған байланысты біздің депутаттар заңнамаға өзгертулер бойынша тиісті ұсыныстар дайындайды.
Бірақ, қазіргі уақытта аталған отбасылары тиісті төлемсіз немесе ауыстыратын тұрғын үйсіз үйден шығаруларға тап болып, қыстың көзі қырауда балаларымен бірге баспанасыз қалып отыр; «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы Үкіметті тұрғын үй заңнамасына тиісінше өзгертулерді қолдау, сондай-ақ, оның ішінде көшірілген отбасыларына тұрғын үй алуға жеткіліксіз ақшалай өтемақының орнына сәйкесінше тұрғын үй бөлу жолымен қатардағы азаматтардың мүдделерін қорғау бойынша шаралар қабылдауды сұрайды.
Құрметпен,
«Ақ жол' ҚДП парламенттік
фракциясының депутаттары
Н.Жазылбеков
А.Перуашев
Е.Никитинская
А.Әбілдаев
М.Қазбекова
А.Тұртаев
Т.Ерғалиев
С.Қадралиева