02.04.2014
2014 жылдың 02 сәуірінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
С.Н. Ахметовке
Депутаттық сауал
Құрметті Серік Нығметұлы!
Сізге, Үкіметтің 2012 жылғы 21 маусымдағы қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бекітілгені мәлім. Бағдарламаны жүзеге асыру өзіне «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның желісі бойынша тұрғын үй берудің есебінде тұратын азаматтар, жас отбасылары, сондай-ақ, тұрғындардың өзге санаттары үшін тұрғын үй беру сияқты азаматтарға тұрғын үй бөлудің бірқатар бағыттарын қосады.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін Жол картасының – оны жүзеге асыру бойынша әрекетінің әр қадамының жоспары бейінді Агенттікпен әзірленген болатын, ал облыстық, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері қалаларда және аудандарда тұрғын үй салудың өңірлік жоспарларын жасады. Алайда, жоғарыда аталған өңірлердің жоспарларын талдау көрсеткендей, бүгінгі таңда Бағдарлама шеңберінде тұрғын үй салу негізінде қалаларда және облыс орталықтарында іске асуда.
Іс жүзінде, ауылдық жерлерде тұрғын үйге мұқтаждарды үймен қамтамасыз ету туралы мәселе барлығымен ұмыт қалған және ауылдық жерде тұратын азаматтардың мемлекеттен тұрғын үй алуға конституциялық құқықтары жүзеге аспай отыр. Сонымен бірге, Конституцияның 14-бабымен азаматтардың барлығына, олардың тұрғылықты жеріне қарамастан тең құқығы бар деп кепілдік береді. Ауылдық жерлерде де үйлері апаттық жағдайда тұрған осындай жетім-балалар, көпбалалы аналар, ардагерлер тұрады. Ауыл тұрғындары аудандық және қалалық әкімдіктерге жіберген үндеухаттарына ауыл және кент әкімдігінің қорынан үй алу үшін тұрғылықты жері бойынша есепке тұрудың қажеттігі туралы жауап алады. Ауылдық округтегі әкімде қайдан өзінің тұрғын үй қоры пайда болады?
Мәселе ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз етуде ғана емес, онда жастарды тартумен ауылдың өзін сақтап қалуда болып тұр. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асыру, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы сияқты басқа бағдарламалардың мақсатты көрсеткіштерін іске асыруға әсер етінін атап өту қажет. Ауылдық округтің әкімінің балансында бір де бір ғимарат болмаса, қалайша жас мамандар ағылып барады деп айтуға болады?
Статистика жөніндегі агенттіктің деректеріне сәйкес, ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету 16,6 шаршы метрді құрайды, бұл қалалық жерден анағұрлым төмен. Сонымен бірге, Әділет министрлгінің мәліметтеріне сәйкес ауылдағы тұрғын үйлердің 63 %-ның жасы 30 жылдан асып тұр.
Швецияның, Финляндияның және бірқатар дамыған шетелдердің тәжірибесіне көңіл аудара отырып, осы елдердің үкіметі жергілікті органдармен бірлесе отырып ауылдықтар үшін қол жетімді тұрғын үй салумен шектелмеген, сонымен бірге пәтер жалдаушы емханаға, мектепке, шалғайдағы пошта бөлмшелеріне және басқа әлеуметтік қызметтерге жұмысқа тұрған жағдайда, сондай-ақ көпбалалы отбасылары үшін де, пәтерді олардың меншігіне тегін беруді кеңінен қолданатынын көреміз.
Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына сәйкес, жуық арада Қазақстанда жалпы аграрлық-инновациялық кластерді дамытумен және осы мақсатта қомақты қаржы бөлумен ауылшаруашылығын дамытуға айрықша көңіл аударылатын болады. Ауыл тұрғындарының қолдауынсыз бұл бағытты толыққанды жүзеге асыру мүмкін емес.
Жоғарыда баяндалғандарға байланысты, «Ақ жол» ҚДП-ның депутаттық фракциясы ауылдық жерлерде «Қолжетімді тұрғын үй 2020» Бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды сұраймыз.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП парламенттік
фракциясының депутаттары
С.Қадралиева
М.Қазбекова
А.Перуашев
Е.Никитинская
А.Әбілдаев
Т.Ерғалиев
Н.Жазылбеков
А.Тұртаев