11
Қараша

11.11.2015

«Ақ жол» ҚДП Депутаттық фракциясы обьективті және тиісті ақпарат алу үшін ҚР денсаулық сақтау жүйесіне халықаралық әдіснаманы сақтау туралы шешім қабылдауын сұрайды

Қазақстан Республикасының
Премьер - Министрі
К.Қ.Мәсімов мырзаға
 
 
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
 
 «Ақ жол» ҚДП Депутаттық фракциясы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы тиімсіздіктер және оларды іске асыратын мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру туралы мәселе көтереді.
 
Денсаулық сақтау министрлігі, кейіннен – Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау және Әлеуметтік Даму Министрлігі, соңғы бірнеше жыл ішінде үнемі табысты жұмыс істеп келе жатқанын мәлімдеп келеді. Оған дәлел ретінде бюджет шығыстарының артуынының негіздемесін халықтың денсаулығының жақсаруын, өлім-жітім мөлшерінің төмендеуін статистикамен келтіреді. Нәтижесінде аталған салаға бюджеттен бөлінетін қаржы ұлғаяды.  Осы жерде, аталған мәліметтерді басқа дереккөздерімен салыстратын болсақ, беріліп жатқан есептің  нақтылығына күмән туады.
Мысалы, Bloomberg агенттігі жақында Біріккен Ұлттар Ұйымының жүргізген денсаулық сақтау көрсеткішін бағалауы бойынша Қазақстан ТМД-дағы соңғы орында және зерттелген 145 елдің ішінде 111- ші орында тұрғанын хабарлады. Бұл 100 адамға шаққандағы Қазақстандықтардың 18 пайызының ғана бағаландығын көрсетеді.
Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, Грузия 71 орында, Армения 79 орында, Тәжікстан 84 орында, Қырғызстан 101 орында.
Егер, Қазақстанның денсаулық сақтау бюджетін Армения, Тәжікстан немесе Қырғызстанмен, тіпті барлығын қосып алғандағы бюджеттерімен салыстыратын болсақ, нәтижесі тіпті көңіл көншітпейді.  
 
Бұл Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің жағымсыз көрінісінің нақты өлшемдерін растап отыр.
Мысалға, 2013 жылғы ана өлімі бойынша ҚР ресми көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 12,6 делінген, Ал бұл дерек Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының және Дүниежүзілік банктің деректерінде 26 деп көрсетілген (яғни екі есеге төмен).
 
Дәл осы жылы ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің есебінде сәби өлімінің коэфиценті 11,3 деп көрсетілсе, халықаралық ұйымда – 15 деп көрсетілген (33%   төмен).
Статистикалық мәліметтердегі мұндай алшақтықтар басқа да позицияларды байқалады.
 Мысалға, ҚР Денсаулық Сақтау және Әлеуметтік Даму Министрлігінің 2014 жылғы мәліметінде туберкулезбен ауратындардың саны 100 мың адамға шаққанда 66,4 делінген. Дәл осы уақытта Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымына берілген мәліметте 139 деп белгілеген (екі есе жоғары).
2013 жылғы Денсаулық Сақтау Министрлігінің ресми статистикасы бойынша анкологиялық аурумен көз жұмғандар 100 мың адамға шаққанда 91,8 болса, сол уақтта Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының деректерінде 141,9 деп көрсетілген (54% төмендеткен), т.с.с.
 
Біз, нақты жағдайды бағалауды жасыру және деректермен көзбояушылық жасау Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің мәліметтері арасындағы осындай алшақтыққа әкеліп соқтырды деп есептейміз.
 
Кейбір бақылаушылардың пікірінше, ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігі мен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымның ана өлімі жөніндегі деректері арасындағы айтарлықтай айырмашылық ана өліміне қатысы жоқ басқа да себептерден, мысалы, жарақат алу немесе ауырып қайтыс болғандарды ана өліміне рәсімдеуден болуы мүмкін.  
Денсаулық сақтау саласындағы деректердегі көзбояушылық нақты ақпаратты бұрмалауға, сондай-ақ, тиісті органдардың өмір сүру сапасын жақсартуға қажетті шараларды қабылдауына кедергі келтіреді. 
 
Мемлекет дамыған 30 елдің қатарына кіруді алдына мақсат етіп отыр, ол үшін жалпы ішкі өнімнің жоғары көрсеткіші мұнай мен металды қайта өңдеу ғана емес, халықтың денсаулығы мен өмір сүру сапасы да алдыңғы орынға шығуы керек.
 
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, «Ақ жол» ҚДП Депутаттық фракциясы жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, обьективті және тиісті ақпарат алу үшін ҚР денсаулық сақтау жүйесіне халықаралық әдіснаманы сақтау туралы шешім қабылдауын сұрайды. 
 
 
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП Депутаттық фракциясы