19.11.2015
Қазақстан Респбуликасының
Премьер-Министрі
К.Қ.Мәсімовке
Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Осы жылдың тамыз айында инфляция және ұлттық валютаның еркін айырбас бағамын шектеу саясаты экономиканы тұрақтандыру және кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жасалған болатын.
Дегенмен, оның жүзеге асырылуы күмәнді сұрақтар туғызады, мемлекеттік сатып алуды орындау шарттары мен квазимемлекеттік сатып алу секторларында көрсетілген мерзімнен бұрын жасалып қойған.
Қазіргі таңда қазақстандық өндірушілер нарықтың белгілі бір бөлігін қамтамасыз етеді және өндірістік тауарларды, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың қажеттіліктерін толық жабуға қабілетті емес екендігі белгілі. Тіпті олардың шетелден әкелінген өнімдерінің материалдары мен іріктелген үлесінің жалпы құны 50% -дан астамын құрайды.
Бұл тұрғыда, орындау шарттары «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында жеткізушілер үшін көп жағдайда шетел валютасымен есептесу бекітілген. Аталған факт жеткізілетін тауарлардың, жұмысы мен көрсетілген қызметтің құнын айырбас бағамының әр түрлі болуына байланысты 40% көлемінде автоматты түрде көтереді.
Сонымен бірге, көп жағдайда кейбір келісім-шарттар бойынша бизнес үшін пайда нормасы 10-15% шамасында болып жатыр. Осы жылдың тамыз айына дейін қалыптасқан жағдайдың нәтижесін белгілесек, мемлекеттік сатып алу бойынша шарттарды орындау- жеткізушілер үшін тікелей шығын, ал кейбір жағдайларда толықтай банкроттық қауіп болып тұр.
Сондай–ақ, жасалған келісімшарттардың көлемінің өсуінің өзі мүмкін емес болып тұр. Себебі, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы өзгерістер немесе сатып алу келісімшарттар жасасқаннан кейінгі толықтырулар негіздері толық тізімді қамтиды. Қол жетімді емес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізуді төлеу сомасына қарап өсіру қарқыны қарастырылмаған.
Мұны «Атамекен» ҰКП анықтамасына сәйкес, орын алған жағдай бойынша сот орындары қарастырып, оның форс-мажорлық мән-жайларын мойындаудан бас тартты және «кәсіпкерлік тәуекелдікке» жатқызды.
Сонымен қоса, жоғарыда аталған заңдар мен нормативтік актілер, Тасымалдаушы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушыларының тізіліміне компанияның енгізуі, кейін сотқа мемлекеттік органның атынан тапсырыс берушінің мәжбүрлеп орындауын қамтамасыз етеді. Мұндай ережелер үкімет бекіткен «Самұрық-Қазына» АҚ қорының сатып алу ережелерімен қолданылады.
Осылайша, ешбір кінәсіз немесе оны жасауға ниеті болмаған кәсіпкер осындай қиын жағдайға душар бола отырып, ол нарықта мемлекеттік немесе квазимемлекеттік сатып алуда қосымша қол жеткізу құқығынан айырылады.
Алайда, несиелендіру жағдайының күрт төмендеуі, инвестициялық белсенділіктің және халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуі – бұл қиын кезеңдерде бизнес түсімін бір көзден айыру және өмір сүру жағдайының одан әрі қиындай түсетіндігін білдіреді.
Нәтижесінде мемтапсырыстар нарығында және мемлекеттік мекемлердегі сатып алуда шетелдік компаниялардың пайдасына қарай үрдістер пайда болады.
Осыған байланысты, «Ақ жол» партиясының депутаттық фракциясы «Атамекен» ҰКП басшылығы мен мүшелерінің отандық бизнесті қолдау туралы өтінішін қарастыруды сұрайды.
«Ақ жол» ДҚП депутаттық фракциясы жоғарыда аталғандарды негізге ала отырып, Сізден қазақстандық өндірушілер мен тауар жеткізушілердің құқығын қорғауға бағытталған мәселелерді шұғыл түрде заңнамалық қаулының мүмкіндігінде қарастыруыңызды сұрайды.
Біз, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік меншікті кәсіпорындардың жеткізушінің келісімшарттарды орындамауы фактілері бойынша сотқа жүгінуі жөніндегі міндетті деген сөзді дәл осындай жағдайда сотқа жүгінуге құқы бар деген сөзбен ауыстыруды ұсынамыз. Сонымен қатар, белгілі себептерге байланысты жалпыұлттық деңгейдегі маңызы бар келісімшарттардың өзгеруі тапсырыс берушіге құқық берілуі тиіс деп есептейміз.
Құрметпен,
«Ақ жол» Депутаттық фракциясы