11
Мамыр

11.05.2016

Панама жалжалдың' аясында 'Ақ жол' қазақстандағы экономиканың оффшорсыздандырылуын талап етеді

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К.Қ. Мәсімовке
 
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
 
Ағымдағы жылдың сәуір айында журналистік зерттеулердің Халықаралық консорциумы бизнесмендер мен жоғары лауазымды шенеуніктердің оффшорлық (жеңілдікті) сызбаларды пайдаланғаны туралы мәліметтер жариялады. Оған Mossack Fonseca ірі панамалық заң компаниясының мәліметтері негіз болғандықтан, бұл оқиға «Панама жанжалы» деген атқа ие болды.
Белгілі болғандай, оффшорлық аймақтар тек салық салуды оңтайландыру үшін ғана емес, сонымен қатар бюджеттік қаржыны дөрекі  ұрлау мен жемқорлық үшін де пайдаланылады. Осыған байланысты, жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің оффшорлық есепшоттарының болуы туралы ақпарат көптеген елдерде қарқынды толқулар мен наразылықтар туғызды. Осылайша, Исландияның премьер-министрі өз еркімен қызметтен кетті, ал Ұлыбританияның премьер-министрі бұқаралық ақпарат құралдарына түсініктеме беруге мәжбүр болды.
Осыдан үш күн бұрын, ағымдағы жылдың 9 мамырында, «панама құжаттары» интернет беттеріне ашық түрде жарияланды.  Кей мәліметтер бойынша, оффшорлы аймақтардың қатысушыларының тізімінде Қазақстаннан шыққан 265 жеке тұлға, 8 компания, 7 делдал мен 243 мекенжай бар екені көрсетілген.
Тізімнің негізгі бөлігін жеке бизнес өкілдері құрайды. Егер олардың есепшоттарындағы қаражат шығынының заңсыздығы немесе мемлекеттік өкілеттік пен қорларды пайдалануға байланысты тікелей дәлелдемелер жоқ болса, онда мұндай капиталмен билік ету еркіндігіне жеке меншік және нарықтық экономика қағидалары кепіл бола алады.
Сонымен қатар, бірқатар жағдайларда  бизнестік заңды нормалары мен ережелері оффшорлы юрисдикциялар (құзыреттер) арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Даулы баяндама авторлары оффшор иелерінің заң шегінен шығуға міндетті емес екендігін баса көрсетіп отырғандары кездейсоқтық емес. Соған қарамастан, олардың пікіріне сәйкес: «панама құжаттары шенеуніктердің бүкіл әлем бойынша, шындығына келгенде, бизнеске ешқандай да қатысы жоқ күңгірт құрылымдарды құра отырып, мемлекеттік компаниялардан қаржы шығарып, өз қалталарына салып отырғандығын» көрсетеді.
Сондықтан, егер мұндай қаржы шығындары күмән туғызса, онда бұл құқық қорғау органдарының қарастыратын мәселесі.
Осылармен қоса, бұл тізімде Қазақстанның қазіргі үкімет мүшесі, аудан әкімі, сонымен қатар, мемлекетпен қатынастағы кейбір кәсіпорын басшылары бар.
Олардың ішінен тек білім министрі Е.Сағадиев қана, мемлекеттік қызметке дейінгі ұзақ жылдық бизнеспен айналысқандығына сүйене отырып, өз түсініктемесін берді.
Қаржыны Қазақстан аумағынан оффшорлы аймақтарға алып кету мәселесінің өзектілігін «Ақжол» демократтар фракциясы 2013 жылдың 3 сәуірі мен 25 қыркүйегіндегі, 2014 жылдың 15 қаңтары және 2015 жылдың 13 мамырындағы өз депутаттық сауалдарында көтергендігін ескерте кетуді қажет санаймыз.
Ал 2014 жылдың 16 сәуірінде біз Үкіметке Қазақстан экономикасын оффшорсыздандыру  бойынша шараларды жүзеге асыруды ұсындық.
Мәселе, біз, қомақты мемлекеттік қаражаттарға иелік ету үкімет мүшелері және ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорын жетекшілеріне тікелей сеніп тапсырылғанын есепке ала отырып, олардың шетелдегі банк шоттарына қатысты банк құпиялығы қағидасын жоюды ұсындық.  
«Ақжол» ҚДП фракциясы оффшорлы аймақтарды пайдалану объективті жағдайларменбайланысты болса, осыған қатысты ақпараттардың фискальды органдарға қолжетімділігін, есеп берудің ерекше форматын және өзге де мәселелерді қарастыратын «Оффшорлы аймақтар арқылы жүзеге асырылатын қызметтерді реттеу туралы» заң жобасын жасауды ұсынды.
Сонымен қатар, біз пайдасын оффшорлар арқылы сыртқа шығаратын компаниялар мемлекеттік бағдарламалардың қолдауын, салықтық жеңілдіктерді, мемлекеттік субсидиялар мен басқа да преференцияларды қолданбауы керек деп есептейміз. Сонымен бірге, мұндай компаниялардың мемлекеттік сатып алулар мен квази-мемлекеттік секторлардың сатып алуларына қатысуы күмәнді болып келеді, өйткені олардың әрекеті   барлық салықтарды төлеп, таза жұмыс істейтін бизнеске қатысты әділетсіз бәсекелестікті туғызады.
Панама жанжалы аталмыш шараларды жедел түрде жасау мен іске асырудың өзектілігін тағы да  көрсетіп отыр. Кері жағдайда, 2013 жылғы Кипр тәжірибесі (банк шоттарындағы қаражаттардың жаппай тәркіленуі) көрсеткендей, құқықтық негіздемелер болған жағдайдың өзінде, мұндай қаржыларды қайтаруды талап ету  мүмкіндігі қалмауы мүмкін.
Соған қарамастан, біздің ойымызша, шенеуніктер мен олигархтардың кезекті қашуын күтпей, мұндай беталысты болдырмайтын заңнамалық шарттарды  құру керек.
Себебі экспортқа бағытталған жемқорлық еңбекпен табылған өнімді  мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін төмендетеді, адал бизнесті теріске шығарады, сәл-ауқаттылықты кемсітеді.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, «Ақ жол» демократтық фракциясы Сізден:
1) ұлттық экономиканың оффшорсыздандырылу бойынша Үкімет тарапынан қарастырылатын шаралар туралы  хабардар етуді;
2) «Оффшорлы аймақтар арқылы жүзеге асырылатын қызметтерді реттеу туралы» заң жобасының жасалуы мен парламентке енгізілуі туралы мәселені қарастыруыңызды сұрайды.
 
Құрметпен, «Ақжол» фракциясының депутаттары