23
Маусым

23.06.2016

Ақ жол' ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың лауазымды адамдарын сатып алу саласындағы заң бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартуды талап етті

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К. Қ. Мәсімовке
 
 
ДЕПУТАТЫҚ САУАЛ
 
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
 
 
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2014 жылдың 26 желтоқсанында бекітілген, 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатері оның мемлекеттік сектордағы ауқымына тепе-тең.
 
2015 жылы жалпы мемлекеттік сатып алу сомасы 1,6 трлн. теңгені құрады, ал анықталған бұзушылықтардың сомасы (2015 ж. бойынша бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің Есебіне сәйкес) 44,6 млрд. теңгені құрады, яғни 3% - ға жуық.
Бұл әрекеттер үшін 723 лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, 181 тұлғаға 28 млрд. теңгеден астам сомаға әкімшілік жаза салынды.
 
Сол уақытта, атап өту қажет, квазимемлекеттік секторда, (онда кіретін көптеген мемлекет қатысуымен жер қойнауын пайдаланушылар: РМК, КМК, «Самұрық-Қазына» холдингтері, «Қазагро» және «Бәйтерек» холдингі, «Кәсіпқор», 2016 жылының 1 қаңтарына барлығы - 403 заңды тұлғалар), сатып алу көлемі кейбір бағалаулар бойынша, мемлекеттік сатып алуды 6 – 8 есе асады.
Егер сатып алудың  жалпы сомасынан 3% бұзушылықтардың деңгейінің бағдары ретінде қаралса (мемлекеттік сатып алу кезінде), онда бұл жерде бұзушылықтардың көлемі жүздеген миллиардпен есептеле алады. Бірақ бұл ретте, анықталып отырғандай, ешқандай жауапкершілік жоқ.
 
Мысалы, 'Самұрық-Қазына' қорындағы сатып алу көлемі 2015 жылы 3,5 трлн. теңге кезінде, тәртіп бұзғаны үшін 255 лауазымды тұлғалар жазаға тартылды. Яғни, сатып алу көлемі мемлекеттік сатып алудан 2 есеге артық болса, жауаптылыққа тартылғандардың саны 3 есе аз.
Бұл ретте, мемлекеттік органдарға қарағанда ұлттық компаниялар 3 есе аз алады деп айтуға бола ма? Бұл туралы бізде үлкен күмән бар.
 
Жазаларға қатысты айтатын болсақ, онда олар өз адалдығымен шын мәнісінде мүлдем таңғалдырады: 3 адамның лауазымы төмендетілді, 13 қызметкерлердің сыйлықақысы төмендетілді (яғни, дегенмен кәдімгі ұрлық үшін сыйлықақы төленді, бірақ басқаларға қарағанда төмен), ал 89 тұлғалар сөгіс алды. Қалғандарына тіпті сөгіс те жарияламаған, ескертулермен мен оларды алдын алумен құтылды.
 
Бірде-бір әкімшілік, сонымен қатар қылмыстық істе қозғалған жоқ, бірде-бір мемлекеттің ұрлықшы 'бизнесменін' ұрланған халықтық құралдарын қайтаруға міндеттеген жоқ.
 
Сонымен бірге, мемлекеттік қаражатты ұрлау және оларды оффшорлық аймаққа шығару осы квазигоссектордың сатып алуы арқылы жүреді, бұл туралы, 2013 жылдың 6 қарашасында, 2014 жылдың 12 наурызында, 24 маусымында және т. б. 'Ақ жол' фракциясының депутаттары бірнеше рет айтқан алдыңғы сауалдар мен сөздерінде.
Өткен аптада ғана, 2015 жылға бөлінген бюджеттің орындалуы туралы Үкімет пен Есеп комитетіне берілген Есептерді талқылау кезінде 'Нұр Отан' фракциясынан біздің әріптестеріміз О. Өксікбаев, Н. Сабильянов және тағы басқалар, 'Бәйтерек' холдингтерінде, 'Қазагро', 'Самұрық-Қазына' қорында мемлекеттік құралдарымен қиянат жасалған оларды қайталай беруде мағынасы жоқ нақты мысалдар келтірілді. Олардың бір бөлігі дәл шарттар жасасу кезіндегі бұзушылықтарға және басқа да сатып алу рәсімдеріне қатысты.
 
Бұл ретте нақты бұзылулар одан да ауқымды сипатқа ие деп болжауға барлық негіз бар.
Бизнес-қоғамдастық қазірдің өзінде корпоративтік сыбайлас жемқорлық жүйесін қалыптастыру туралы ашық айтады, сыбайлас жемқорлық схемаларының  қатысушылары болып мемлекеттік қызметшілер емес, ал квазимемлекеттік сектордың лауазымды тұлғалары шығатын болған.
 
Біздің ойымызша, мұндай жағдайдың себебі болып қызмет ететін фактісі, Заңмен белгіленген тиісті рәсімдері мемлекеттік сатып алуға қарағанда квазимемлекеттік секторда сатып алуды реттеу рәсімдері заңмен емес холдингтер және компаниялардың өздерінің ережелерімен ғана анықталады.
Ұлттық компаниялар және мемлекеттің қатысуымен жүрген кәсіпорындар үшін ұқсас рәсімдерді реттейтін, 'Сатып алу туралы' заңын әзірлеу туралы, 2015 жылдың 11 қазанында, 11 ақпанында, 26 ақпанында 'Ақ жол' фракциясының депутаттарының бірнеше рет қойылған талаптарына Үкімет екі рет жауап беруден бас тартты.
Осылайша, орындаушы билік осы саладағы мемлекеттік ақшамен еркін өкімін және жазасыздығын санкциялады.
Мұндай қарым-қатынастың тікелей әсері, ұрлау және бопсалаудан басқа, мемлекеттік кәсіпорындардың қисынсыз көбейуі және экономиканың көптеген секторларынан жеке бизнесті ығыстыру болды.
Сонымен қатар, аталған Заңның болмауы деректерді төмендетуге де және корпоративтік сыбайлас жемқорлыққтың нақты ауқымын жасыруға да, бюджет және экономикаға оның паразитарлық әсерін дұрыс бағаламауға әкеледі.
 
Жеке басын байыту үшін емес, оларға мемлекеттік экономикалық саясаттың міндеттерін шешу үшін қоғаммен сенім білдірілген, квазимемлекеттік сектордың  кәсіпорындары мемлекеттік құралдарымен пайдаланады, ал 'Ақ жол' партиясы мұндай көзқарасқа мүлдем жол берілмейді деп есептейді.
 
Осыған байланысты, 'Ақ жол' депутаттық фракциясы, егер экономиканың мемлекеттік секторындағы сатып алулар туралы заңды әзірлеу мәселесі қаралмаса, онда Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Әкімшілік кодекстеріне тиісті жолымен толықтырулар сатып алу саласындағы ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың лауазымды тұлғаларын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуды енгізуді қарастыруды сұрайды
 
 
Құрметпен,
 
«Ак жол» ҚДП фракция депутаттары