23.06.2016
2016 жылғы 23 маусымда жарияланған
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К. Қ. Мәсімовке
Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Өздеріңізге мәлім, Елбасымыздың 2012 жылғы 14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауын іске асыру шеңберінде, Президент Н.А.Назарбаев Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елдердің 30 на кіру міндетін қойды.
Сонымен бірге, жақында IMD (Ай-Эм-Ди) әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу Орталығы жыл сайынғы жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің рейтингін жариялаған.
Бұл рейтингте ағымдағы жылы Қазақстан мүлдем 30-шы, тіпті 40-шы емес, өткен жылмен салыстырғанда бірден 13 сатыны жоғалтып, тек 47-орынға табан тіреген.
IMD (Ай-Эм-Ди) халықаралық бәсекеге қабілеттілік рейтингі бұл елдерде жұмыс істейтін 5 мыңнан астам кәсіпкерлердің сауалнамаларына негізделеді, соның ішінде шетелдік инвесторларға, өйткені олардың бағалаулары тәуелсіздігімен және жалданбауымен ерекшеленеді.
Бағалау төрт топтың критерийлері бойынша жасалады:
- экономикалық даму
- биліктің тиімділігі
- бизнес-орта
- инфрақұрылым.
Осы бағыттардың барлығы бойынша дерлік бизнесмендер Қазақстанды өте сынға салып бағалады.
Алайда, Қазақстан халықаралық бизнестің қабылдауы бойынша 48 орынға түскен, инфрақұрылымды дамыту сияқты маңызды индикаторы бойынша біздің еліміздің құлдырауы абыржуды тудырады.
Белгілі болғандай, барлық соңғы жылдары, кем дегенде, бірінші бесжылдықтың басынан бастап ҮИИДМБ, 'Бизнестің жол картасы' және басқа бағдарламаларына, мемлекет жүздеген миллиард теңгені, атап айтқанда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бөлген.
Мысалы, 2013 жылдың жазында, тек 2012 жылы ғана ҮИИДМБ шеңберінде бөлінген 842 млрд. теңгені тиімсіз пайдалану туралы 'Ақ жол' фракциясының сынына жауап бере отырып, индустриялық жобаларға осы сомадан тек 12 млрд. тенге ғана бөлініп, ал қалған қаражат, яғни шамамен 830 млрд. тенге, инфрақұрылым мәселелерін шешуге бөлінген шығар,- деп индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі хабарлаған.
Бүгінгі күні индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығының жүзеге асырылып жатқандығы белгілі.
Сонымен қатар, инфрақұрылымды дамыту 'Нұрлы жол' бағдарламасының негізгі міндеті болып отыр.
Сондай-ақ, бұл бағдарламаға да, миллиардтаған қаражат жіберіледі: мысалы, бір ғана 2015 ж. тек қана Ұлттық қордан 770 млрд.теңге бөлінген.
Алайда, дәл осы бағытта күтімдерге қарсы, түрлі қымбат инфрақұрылымдық жобаларға алып қаражаттардың бөлінгеніне дейінгіден де, тіпті нашар нәтиже байқалады.
Егер олардың жұмсалуынан тікелей қарама-қарсы нәтиже болса Мұндай қаражат жұмсаудың қандай мәні бар? деген сұрақ туындайды.
Жоғарыда айтылғанға байланысты, 'Ақ жол' ҚДП депутаттық фракциясында мынадай сұрақтар туындайды:
1)Егер осындай үлкен шығындармен 30-шы орныннан 47-ші орынға құлаған болсақ, инфрақұрылымды дамытуға бөлінетін мемлекеттік қаражаттың пайдалануы қаншалықты тиімді, барлық осы ақша тағайындалғанға дейін жетеді ме?
2)Еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің әсерін күшейтуге болмауына байланысты 'Бизнестің жол картасы' және 'Нұрлы жол' индустрияландыру бағдарламаларын түзетуге Үкімет ниеттене ме?
3)Егер осындай бағалаулар шындыққа сәйкес келмесе, қаражат тиімді жұмсалса, ал біздің бәсекеге қабілеттілігіміз төмендемей, өссе, - онда жоғарыда аталған рейтингті түзету бойынша жұмыстарды жүргізуге Үкімет ниеттене ме?
Сонымен қатар, Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің тізіміне кіру бойынша бұл міндеттерді іске асыру дәл осы халықаралық рейтингтері бойынша бағаланады, яғни, олармен санаспау немесе оның үстіне ескермеу, біздің ойымызша, мүмкін емес.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясы депутаттары