11
Маусым

11.06.2014

Қостанай облысында жоғалып кетіп, волонтерлермен бір айдан кейін мәйіті табылған қызды іздеу кезіндегі полицейлердің салғырттығына наразылық білдірілді - ҚР Ішкі істер министріне депутаттық сауал

 
2014 жылы 11 маусымда жарияланған                                              
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ.Н.Қасымовқа
 
 
Депутаттық сауал
 
Құрметті Қалмұханбет Нұрмұхамбетұлы!
 
Жыл сайын 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтіледі. Бірақ, бұл мереке ғана емес, сонымен бірге, біздің өсіп келе жатқан ұрпаққа қатысты қылмыстармен байланысты мәселелерге назар аударуымыз  да керек.
2014 жылғы 24 сәуірде Қостанай облысында жасөспірім қыз Виктория Ганя жоғалып кетті. Оны іздеуге еріктілер, ішкі әскер сарбаздары, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, полицейлер қатысты. Арнайы жедел-тергеу тобы да құрылды, онымен оң нәтиже әкелмеген бірқатар жедел іздестіру шаралары жүргізілген болатын.
Әлеуетті құрылымдардың көп мөлшерде тартылғанына қарамастан, жасөспірім қыздың денесін жергілікті тұрғындар тапқан. А.ж. 22 мамырында Рудный–Тобыл жолынан алыс емес салынып жатқан ғимаратты қарау кезінде ерікті іздеушілермен жасөспірім қыздың мәйіті табылған.
            Оқиға болған жердегі сезіктіні түсірген бейнебақылау камерасының жазбасын полицейлер не себептен жасырып қалмақшы болғанын, сондай-ақ маңызды айғақ – өлген қыздың орамалы – табылғаннан кейін ғимараттан жоғалған қызды іздеу бойынша соған сайма-сай  әрекеттердің болмағандығы   түсінбестік тудырады.
Полицейлер Рудныйдың шетіндегі бейнебақылау камераларының бірінде түсірілген жазбаны оларға еріктілердің бірі В.Радченконың және Викторияның анасының табанды өтініші бойынша тіпті қыз жоғалған соң бір айдан кейін ғана берген.
            Мұндай жағдайларда  бейнебақылау камераларынан ақпараттар беру, фотороботтарға, оның ішінде «Интернет» желілеріне ашық кіру тезірек іздеу жүргізуге көмектеседі. Алайда, полиция іздеу жұмыстарын жүргізу үшін заңнамалық негіздің жоқтығына сілтеме жасап, жоғалған жеті жасар қызды іздеуге қатынасқан еріктілердің іс-әрекеттерін шектеген.
Полиция қызметкерлерінің пайдасыз іс-әрекеттерін іске қалай болса солай қараған деген айыптаулары әділ. Қоғамдық дабылдан кейін полиция осы істі жүргізген қызметкерлерге қатысты қызметтік тексеру жүргізілетіні туралы ресми мәлімдеді.
Сонымен қатар, шет елдердің тәжірибесінде құқық қорғау органдарына тұрғындардың ерікті жәрдем көрсетудегі  ұстанымдарын қолдап қана қоймайды,  ынталандырады да.
Балалардың құқығын қорғау құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болуы тиіс, жасөспірімдерге қатысты жасалған қылмыс туралы әрбір қылмыстық іс айрықша бақылауда болуы тиіс.
Балаларға қарсы жасалатын қылмыстарды болдырмау, сондай-ақ жүргізілетін тергеу-іздеу шараларына жауапты тұлғалардың жауапкершілігін күшейту мақсатында қолданыстағы заңнамаларды жетілдіруді орынды деп есептейміз.
Оның үстіне, іс-әрекеттері балалар мүдделеріндегі мемлекеттік саясаттың міндеттері мен басты бағыттарын және оны жүзеге асыру бойынша шараларды анықтайтын Ұлттық стратегияны әзірлеу қажет.
Құрметті Қалмұханбет Нұрмұхамбетұлы, Сіздің біздің наразылығымызды түсінетіндігіңізге нық сенімдіміз. Құқық қорғау органдарының балалардың өліміне кінәлілерді тауып және жазалауы – ар-намыстың мәселесі болуы тиіс.
Сонымен бірге, бұл оқиға ішкі істер органдарының лайықсыз қызметін айрықша талқылауды талап етеді, себебі осы мекеменің қызметкерлерінің салақтығын және жауапсыздығын қылмыстық деп атауға болады.
Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өздерінің тікелей міндеттеріне жауапсыз қарауына жол бермеу бойынша қабылданатын шаралар туралы хабарлауды сұраймыз.
 
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының
депутаттары 
М.Қазбекова
А.Перуашев
Е.Никитинская
А.Әбілдаев
Т.Ерғалиев
Н.Жазылбеков
С.Қадралиева
А.Тұртаев