27
Желтоқсан

27.12.2023

МӘМС—тен мәніс кетпесін десек, заңнамалық олқылықты түзеу қажет

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрінің

орынбасары

Т.Б.Дүйсеноваға

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, (ТМКМК) тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында азаматтардың кедергісіз медициналық көмек алуы үшін жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ай сайын жарна төлеуге міндетті.

Осыған орай, жұмыс берушінің еңбек демалысында болған уақыт үшін жарналарды аудармауына байланысты «Ақ жол» демпартиясына еліміздің түрді өңірлерінен білім саласының қызметкерлері жүгінуде.

Мұғалімдердің сөзінше, олардың кезекті еңбек демалысының ұзақтығы 56 күнтізбелік күннен артық болуы мүмкін, яғни, 2 айға жуық. Тиісінше, демалыс ақысын есептеген кезде жұмыс беруші есептелген сомадан міндетті медициналық сақтандырудан шегерімдерді оның ұсталатын мерзімін көрсетпей жүргізеді. Ал, мысалы, мұғалім демалысқа маусым айында шыққан болса, яғни, демалыс кезеңінің басынан бастап және шілде айында денсаулығына байланысты емханаға медициналық көмекке жүгінсе, міндетті медициналық сақтандыруға аударымдардың болмауына байланысты емдеу мекемесі оған көмек көрсетуден бас тартады.

Жергілікті білім департаменттері бұл олқылықты еңбек демалысы кезінде қызметкердің жалақысы есептелмейтіндігімен түсіндіреді.

Оның үстіне мұғалімдер атап өткендей, жағдайды шешу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына өз бетінше жүгінген оларға өз қалталарынан 1 АЕК-ның 5 пайызын, яғни, 3500 теңгені төлеген жағдайда ғана медициналық қызмет қайта қалпына келтірілетіні туралы жауап берілген екен.

Мұғалім мамандығы қиын, жауапты және көп күш пен денсаулықты талап етеді, соған сәйкес, демалыс кезінде көптеген мұғалімдер денсаулығын қалпына келтіруге тырысады, бірақ оның орнына мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырып, өз мәртебесін жаңарту үшін жеке қалтасынан міндетті медициналық төлемді төлеуге мәжбүр болады. Осының барлығы (МӘМС) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  имиджіне кері әсер етеді деп есептейміз.

Ұқсас жағдайға тек мұғалімдер ғана емес, қолданыстағы заңнамаға сәйкес бір айдан астам еңбек демалысы берілуі керек басқа да мамандықтар (әскерилер, (ТЖМ) Төтенше жағдай министрлігі қызметкерлері және т.б.) душар болуда.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, құрметті Тамара Босымбекқызы, «Ақ жол» ҚДП-ның депутаттық фракциясы ұзақ мерзімді еңбек демалысы бар қызметкерлердің (МӘМС) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  төлемдерін төлеуге қатысты көрсетілген құқықтық олқылықты заңнамалық тұрғыдан реттеуді сұрайды.

Құрметпен,

«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары

А.Садықов

А.Перуашев

Д.Еспаева

Қ.Иса

Е.Барлыбаев

Е.Бейсенбаев