ҚР Бас прокуроры
Б.
Н. Асыловқа
ҚР
Ауыл шаруашылығы министрі
А.
С. Сапаровқа
Алматы
облысының әкімі
М.
Е. Сұлтанғазиевке
Бұл сауалға,
Алматы облысы, Іле ауданы Қараой жәнеНұрғиса Тілендиев ауылдарының 1200 астам
тұрғыны үйсіз қалып қалу мәселесі себеп болып отыр. Өткен аптада, осы
ауылдардың тұрғындарының жан айқайымен бір топ азамат «Ақ жол» партиясына
жүгініп келді.
Мәселенің
түйініне келетін болсақ, жергілікті әкімдік көптеген жылдар бойы жер телімдерін
бөліп келген. Ол жерлерге үйлер тұрғызылды, мектеп және әлеуметтік нысандар да
салынды.
Енді он жылдан
астам уақыт өте келе, аудандық прокурор бұл жерлерде «сібір жарасы» бар мал
қорымы бар, ал салынған үйлер санитарлық аумаққа жатады деген тұжырым жасап,
әкімдіктің үйлер салуға жасалған жалға беру шарттарының күші жойылсын деген
наразылық (протест) шығарған.
2023 жылғы 23
желтоқсанда жаңа егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітілген. Нәтижесінде,
«Сібір жарасы» бар мал қорымының санитарлық аумағына Н. Тлендиев ауылының 429
ауласы, Қараой ауылының 729 ауласы кіріп кеткен. 2012 жылдан бастап, бұл
жерлерге үй салу үшін жалға беру шарттары жасалған. Ал, тұрғындардың көпшілігі
салынған үйлерін заңдастырып үлгермеген. Прокурордың шығарылған наразылығынан
кейін заңдастыру мүлде мүмкін болмай отыр.
Бірақ, ауыл
белсенділерінің айтуынша, құжаттарды тексеру нәтижесінде, онда толығымен
бейберекетсіздік анықталған. Мал қорымы қай жерде орналасқан, қанша мал
көмілгендігін, ол қай жылдары болғандығын ешкім айта алмай отыр. Бір мәліметтер
бойынша 60-ші жылдары, өзге мәліметтер бойынша 70-жылдары көмілген дейді.
Тіпті «Сібір
жарасы» бар-жоқтығының анығы да белгісіз болып отыр.
Тұрғын үйлерден
700 метр жерде орналасқан «Сібір жарасы» бар деген мал қорымы темірмен
қоршалған. Бірақ, ешбір тақта неме залалы бар деген қандай да бір таң ба жоқ.
Бұндай
түсініксіздік ауыл тұрғындарын алаңдатуда. Әрине, «Сібір жарасы» өте қауіпті
залал. Оның бактериялары жердің астында жүздеген жылдар бойы сақтала алады.
Сонда да,
аталған мал қорымдарының қауіптілігі сұрақ туғызады. Ауыл белсенділерінің
арасында, «Сібір жарасынан» өлген мал көмілген қорымдарды айқындау кезінде
Алматы облыстық ветеринария басқармасының мамандары қателесті деген пікір бар.
Мысалы, Н.
Тлендиев ауылының маңайында тек бір ғана В. П. Воротинцев деген азамат мал
қорымы бар деп айтты деп, қоршау, жергілікті кәсіпкер А. М. Муралимованың егіс
алқабында орнатылған. Дәл осы сияқты, Қараой ауылында А. М. Текесбаева айтты
деп қоршау орнатылған. Бірақ, бұл азаматтар оны жоққа шығарып отыр екен.
Шақырылған Қазақ
ветеринария ғылыми-зерттеу институтының мамандарының айтуынша, Сібір жарасы
көмілген жерлердің айналасында топырақтың өзіндік белгілі бір пішіні мен түсі
болуы керек. Ал, аталып отырған жерде ол байқалмаған.
Сібір жарасы
бойынша стационарлық-қолайсыз пункттер кадастрында мәлімет бірнеше рет
өзгерген. Бұл кадастр 1935 жылдан бастап басылып, мезгіл-мезгілімен қайта
басылады.
Бірақ мәселен,
1989 жылғы басылымда Н. Тілендиевауылында 1968, 1969, 1970 жылдарды Сібір
жарасынан бір-бір малдан өлді делінсе, 2020 жылғы кадастрда мал өлімінің саны
мен уақыты «белгісіз» деп жазылған.
Қараой ауылы бойынша, 1989 жылы кадастрда 1959 жылы бір ірі қара малжәне
1968 жылы 2 жылқы өлді делінсе, 2017 жылғы кадастрда 1959 жылы бір ғана ірі
қара мал өлді деп көрсетілген. Сонымен
қатар, кадастрлардағы координаттар да бірнеше рет өзгерген.
Кадастрдағы
әрбір өзгеріс, әрбір қателер, фермерлердің, кәсіпкерлердің және ауыл шаруашылығына
тәуелді отбасылардың өміріне тікелей әсер етеді.
Сонымен қатар,
кадастрлардағы координаттардың үнемі өзгеруі, жер учаскелерін заңды түрде
рәсімдеу және бизнес жүргізу мүмкіндігін күрт қиындатады. Ескірген жазбаларға
емес, фактілер мен жаңартылған ақпаратқа негізделген нақты және тексерілетін
деректер бар екеніне сенімді болуымыз керек деп есептейміз.
Жоғарыда
баяндалғанға сай, «Ақ жол» ҚДП фракциясы жедел түрде келесі шараларды қолдануды
сұрайды:
1. Малдың өлімі
туралы координаттар мен ақпаратты өзектендіруге баса назар аудара отырып, Сібір
жарасы жерленген жерлер бойынша деректерге мұқият талдау жүргізу;
2. Мамандар
хабарлаған жерлеу айналасындағы топырақтағы нақты өзгерістер туралы фактілерді
растау немесе жоққа шығару үшін далалық зерттеулер жүргізу;
3. Осы жерлеуге
байланысты тәуекелдерді бақылау және бағалау бағдарламаларын әзірлеу үшін білім
беру және ғылыми мекемелермен ынтымақтастық орнату;
4. Адамдардың денсаулығы мен экожүйесін қорғау үшін ықтимал қауіптер мен сақтық шаралары туралы қоғамдық ақпарат жүйесін әзірлеу.
Құрметпен,
«Ақ жол»
фракциясының депутаттары
Е.Бейсенбаев
А.Перуашев
Д.Еспаева
Қ.Иса
Е.Барлыбаев
С.Ерубаев