Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Р.В.Склярға
Бас прокурор
Б. Асыловқа
Күні кеше Көлік министрлігі әкімдіктерге әуежайлардың аэродром маңы аумақтарында бұрын салынған нысандарды бұзу туралы тапсырмасын жариялады.
Еске салайық, осыдан 7 жыл бұрын, 2017 жылы Бас көлік прокуратурасы Алматы, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Көкшетау, Тараз және Шымент әуежайларының айналасында ұшу қауіпсіздігін бұза отырып салынған 800-ден астам анықталған нысанды бұзу туралы Азаматтық авиация комитетіне осындай ұсыныс жасаған болатын.
Алайда ұсыныс орындалмай, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы әуежайында сәтсіз қону кезінде Фоккер-100 ұшағы аэродром аумағынан шығып кетіп, сол жерде салынған үйге соғылған еді. 12 адам қаза тауып, тағы 47 адам ауыр жарақаттанды.
Сол кезде «Ақ жол» демпартиясының фракциясы қайғылы
оқиғаның себебін толық тексеру туралы депутаттық сауал жолдады. Алайда, бүгін
белгілі болғандай, тергеу әлі де аяқталған жоқ.
Талғар ауданындағы жер қатынастарының бұрынғы басшылары мен риэлтор әуежай аумағынан жер телімін заңсыз бөлгені үшін сотталды. Алайда, тергеу органдары борттың құлау себебін әлі анықтай алмай отыр.
Қайғылы оқиғаның ресми нұсқасы экипаж қатесі дейді. Бұл ең оңайы. Дегенмен, сұрақ әлі де бар. Біріншіден, «Қазаэронавигация» РМК ұшақтың алдыңғы борттың құйынды ағынына түсіп, аэродинамика бұзылған деген нұсқаны зерттеуден бас тартты. Fokker-100 ұшағы әуеге көтерілуіне бір минут қалғанда Airbus әуелайнері көкке көтерілген, сарапшылардың пікірінше, оның құйынды ізінің ұзақтығы 10-12 шақырым болуы мүмкін.
Екіншіден, Алматы әуежайының қызметтері ұшақты мұздатпайтын сұйықтықпен (Defrost ECO-4) өңдеп, оны сумен сұйылтқан. Бірақ өндіруші Рошаль химиялық зауытының мәліметінше, бұл сұйықтық сумен сұйылтуға жатпайды, өйткені қалыбын жоғалтып, қатып қалудың мүмкін екен.
Үшіншіден, лайнері соғылған үй қорғаныс аумағы 500 метрден кем болмауы керектігіне қарамастан, әуежай қоршауынан 10 метр қашықтықта орналасқан.
Алайда осы маңызды фактілер ескерілмеді.
Мәселен, Бас прокуратураның мәліметінше, Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін 23 ғимараттың
болуына қарамастан, 2018 жылдың қараша айында Алматы аэродромына шектеусіз
ұшуға жарамдылығы туралы анықтаманы заңсыз берген Азаматтық авиация комитетіне
қатысты қылмыстық іс қозғаған.
Алайда биылғы жылдың 12 қаңтарында прокуратура зардап шеккендердің отбасылары адвокаттарының өтінішіне жауап ретінде бұл істі тоқтатқанын хабарлады. Себебі, ұшақ пен үйдің соқтығысқан жері «800 метр қашықтықта орналасқан және санитарлық-қорғау аймағына жатпайды». Оның үстіне, қашықтық ұшып-қону жолағынан есептелген сияқты, ал ережелерге сәйкес, қорғаныс аймағы әуежай аумағынан, яғни, оның қоршауын бастап есептелуі керек, ал, үй сол қоршаудан небары 10 метр жерде орналасқан.
Шенеуніктерді жауапкершіліктен түпкілікті алып қалу үшін
2023 жылдың 31 наурызында әуеайлағының жарамдылық сертификатын беру Ережесінің
жаңа редакциясы қабылданды, онда «ұшу қауіпсіздігінің қосымша шаралары» бойынша
жауапкершілік Азаматтық авиация комитетінен әуежайлардың өздеріне ысырылған.
Бірақ «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-на талап қою мүмкін емес, өйткені Талапты күшейтудің кері күші жоқ.
2023 жылдың 11 қаңтарында «Ақ жол» фракциясы еліміз бойынша әуежайларға қауіпті жақын орналасқан ғимараттарды сүріп тастау, сондай-ақ Фоккер-100 трагедиясын тергеуді аяқтау қажеттігі туралы депутаттық сауал жолдады.
Өкінішке қарай, дәл 7 жыл бұрынғыдай, содан бері ештеңе
өзгерген жоқ.
Осыған байланысты, әуежайлардың ұшу қауіпсіздігі талабын сақтауын қамтамасыз ету бойынша көрсетілген нұсқаумен қатар, «Ақ жол» фракциясы аталған істің барлық мән-жайын жан-жақты зерттеп, жауапты тұлғаларды анықтауды үшінші рет талап етіп отыр.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары
А.Садықов
А.Перуашев
Д.Еспаева
Қ.Иса
Е.Барлыбаев
Е.Бейсенбаев