Премьер-министр
О.Бектеновке
Кеше Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде Президент Қ.Тоқаев өңдеу өнеркәсібінің 6 пайыздық өсімін қамтамасыз еткен Үкімет жанындағы Инвестициялық штабтың жұмысын оң бағалады.
Ол, сондай-ақ, «белгілі бір мәселелерді» шешіп қана қоймай, елдегі инвестициялық ахуалды жүйелі түрде жақсартуды тапсырды.
Мемлекет басшысы Қазақстанға сапалы инвестициялар – озық технологияларға негізделген және сыртқы нарыққа бағытталған жобалар қажет екенін айқын факт ретінде атап өтті.
Оларды тарту үшін ол сапалы инвестиция ұсынатын адал инвесторларға қосымша жеңілдіктер жиынтығын ұсынуды бұйырды. Үкімет инвесторларды іздеуді, қолдауды және қорғауды барлық деңгейде күшейтетін тұтас экожүйені құруы қажет.
Бұл ретте Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл қолдау саясаты шетелдік инвесторларға да, отандық инвесторларға да қатысты болуы керектігін ерекше атап өтті.
Осыған байланысты, «Ақ жол» Демпартиясына шетелдік серіктестер ұсынып отырған жобалардың техникалық аудиті қажет деп отандық машина жасау кәсіпорындары жүгінген болатын.
Олар, Президент тапсырғандай, технологиялық деңгейі мен өндірістік көрсеткіштері қазіргі қазақстандық өндірістен озып тұрған шетелдік инвестициялық жобалар ғана тартылып, мемлекеттік қолдауға ие болуы керек деп есептейді.
Әйтпесе, олар технологиялық дамудың және сыртқы нарыққа шығудың орнына, Үкімет атап өткендей, мемлекеттік қолдау мен бюджеттік субсидиялар жалғыз бизнес үлгісі саналатын тағы бір өтініш берушіге айналады.
Сондықтан мұндай жобаларды қарастыру кезінде шешуші факторлардың қатарында сыртқы нарықтағы технология деңгейі мен бәсекеге қабілеттік немесе ішкі нарықтағы импортты алмастыру критерийлері болуы керек.
Бұл ретте, кәсіпорындардың хабарлауынша, жергілікті атқарушы органдар ұсынылған жобаларды осы параметрлер бойынша да, отандық ұқсас өндіріс орындарының бар-жоғын да талдамайды.
Арнайы экономикалық аймақтарда (АЭА) жобалардың экспорттық немесе импортты алмастыру әлеуетіне қойылатын талап жоқ, сонымен қатар инвестордың пайдалануға берілгеннен кейін ОТП тізіліміне енгізу арқылы өндірістің бар екенін растау міндеттемесі жоқ;
Мәселен, «Алатау» АЭА ірі қытайлық инвесторға электротехникалық жабдықтар шығаратын өндіріс орнын құру үшін жер телімін бөліп жатыр, оны қазірдің өзінде төрт қазақстандық кәсіпорын шығарып отыр. Оған қоса, аталған зауыттардың отандық инвесторы екі жылдан бері осы АЭА-дан жер телімін ала алмай жүр.
Басқа өңірлерде де осыған ұқсас белгілер бар.
Бұл ретте, Өзбекстанда АЭА туралы заң талаптарына сәйкес («Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Өзбекстан Республикасының 17.02.2020 жылғы № 604 Заңы) инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін осы елде өндірілмейтін немесе өндіріс көлемі ішкі нарықтың қажеттіктерін өтейтін, қосылған құны кемінде 30% болатын өнімді өндіру талабы қойылады.
Қазақстандық өнеркәсіпшілер адал бәсекені қолдайды және елімізге үздік технологияларды әкелетін жетекші шетелдік инвесторлармен, бірақ инвестициялық преференциялардың тең шарттарында ынтымақтастыққа дайын, мұны Президент Қ.Тоқаев та атап өткен.
Осы орайда, «Ақ жол» фракциясы ұсынады:
1. Жергілікті атқарушы органдардың АЭА-на мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін инвестициялық жобаларға мынадай критерийлерді қарастыру:
- Қазақстанда қолданылатындармен салыстырғанда өндірілетін өнімге қойылатын әлдеқайда жоғары технологиялар мен техникалық талаптарды қолдану;
- Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлмейтiн немесе өндiрiс көлемi экспорттық әлеуетiн немесе iшкi нарықтың қажеттiгін өтемейтiн өнiмнiң жаңа түрлерiн өндiру;
- кәсіпорынның бірқатар міндетті технологиялық операцияларды орындауы;
- инвестордың пайдалануға бергеннен кейiн бiр жыл iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органда ОТП тізіліміне енгізу арқылы отандық өндірушінің мәртебесін растау міндеттемесі;
2. Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті жасасқан басым инвестициялық келісімшарттарға ұқсас талаптарды көздеу.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары
А.Перуашев
Д.Еспаева
Е.Барлыбаев
Қ.Иса
С.Сарсенов
Е.Бейсенбаев