27
Маусым

Санат жоқ 27.06.2014

«Ақжолдықтар» БАҚ өкілдерін құттықтады

27 маусым 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
27 маусымда журналистер күніне орай «Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалы ұжымының атынан МО бойынша парламенттік фракцияның қоғамдық қабылдау бөлімінің жетекшісі Болатбек Абулхайров және баспасөз хатшысы Марзия Жеткізгенова жергілікті «Қазақстан-Ақтау» телеарнасын және «Тумба», «Лада ТВ Плюс» апталық ақпараттық-жарнамалық газет ұжымын арнайы барып  құттықтады. Қоғамдық қабылдау бөлімінің жетекшісі Б.Абулхайров жергілікті бұқаралық ақпарат өкілдеріне «Ақ жол» ҚДП филиалы атынан сый-сияпат табыстап, шығармашылық табыстар тіледі. Аталған ұжымдар өкілдері алдағы уақытта да «Ақ жол» партиясымен бірлесе отырып ел игілігіне қызмет ететіндіктерін жеткізіп, өз ризашылықтарын білдірді.