Қ. Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың үгіт-насихат жұмысы жалғасуда
7,5 мыңнан астам белсенді үгіт-насихат материалдарын таратып жатыр
Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелері, Халықтық коалицияның белсенділері еліміздің барлық өңірінде сайлаушылармен экспромт-кездесулер өткізуде.
Елордадағы «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында сайлаушылармен экспромт-кездесу өтті.
«Үгіт-насихат жұмысына бүкіл ел бойынша 7,5 мыңнан астам белсенді қатысуда. Парақшаларды тарату, плакаттарды жапсыру сынды түрлі форматтағы жұмысты жалғастырамыз. Соның ішінде осындай экспромт-кездесулер де бар», – деді Республикалық қоғамдық штаб мүшесі Нұржан Жетпісбаев.
Алматыда сайлаушылармен экспромт-кездесу «MEGA Park» сауда ойын-сауық орталығында өтті. Халықтық коалицияның белсенділері парақшалар таратып қана қоймай, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Жақын арада «Есіктен есікке» акциясын өткізу жоспарланып отыр. Оның аясында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері үй-үйді аралайды.