01
Маусым

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ақ жол» демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы қамқорлығындағы мекеме – Өскемендегі Сәбилер үйіндегі балаларды құттықтады. Бұл жерде туғаннан бастап 4 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді.

Филиал төрағасының орынбасары Меруерт Смағұлованың бастамасымен, партия кеңесінің мүшелері бүлдіршіндерге арнап ерекше мерекелік шара ұйымдастырды. Балдырғандарға ойыншықтар мен киім-кешек тарту етілді. Ең кішкентайлар үшін арнайы балалар тағамы жеткізілді, ал барлық балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.

Шақырылған аниматорлар таза ауада ән айтып, би билеп, ойын ойнатып, сабын көпіршіктер шашып, бүлдіршіндерге шаттық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бұл – жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін қайырымдылық шара. Ақжолдықтар балаларға мейірім мен қамқорлық сыйлауды өздерінің азаматтық парызы санайды.