13 тамыз 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты
Батырбек Мырзакелдіұлы Аширбаев, төраға орынбасары Адай Кенжебайұлы Шуханов,
«Аманат» партиясының мәслихат депутаты Дария Пернешқызы Қожамжарова және
қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Баршагүл Қашқынқызы Исабек.
Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектептің жаңа оқу жылына
дайындығымен танысты.
Тексеру барысында депутаттар нысанның құрылыс сапасының жақсы деңгейде
екенін атап өтті. Сондай-ақ фасадтық материалдар мен плиталардың сапасы жоғары
екені және дизайнның талаптарға сай орындалғаны айтылды.
Алайда өрт сөндіру көліктеріне арналған кіреберіс жолда үш ағаш тұрғаны
анықталды. Бұл мәселені шешу үшін депутат Батырбек Мырзакелдіұлы тиісті
басқармаға депутаттық сауал жолданатынын хабарлады.



