21
Қазан

2020 жылғы 21 қазанда Мәжілістің пленарлық отырысында Е. Никитинскаяның «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы бойынша сөйлеген сөзі

21 қазан 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

         Республикалық бюджет кірістерінің ең үлкен үлес салмағын дәстүрлі  түрде салық түсімдері (95,8%) құрайды.   Бұл ретте 2021 жылы корпоративтік табыс салығы бойынша өсімнің 42% - ын салықтық әкімшілендіруді жақсарту мен 2020 жылдың 6 ай оқиғалары бойынша есеп айырысулар арқылы көзделіп, қосымша құн салығын қайтару сомасын азайту, салықтық әкімшілендіруді жақсарту мен есеп айырысуларды нақтылау есебінен республика  аумағында өндірілген тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге қосымша құн салығы өсімінің 59,5% - ын алу болжанып  отыр. Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын тауарларға қосымша құн салығы бойынша өсімнің тек 30% - ы импорт көлемінің ұлғаюымен байланысты болмақ, ал қомақты үлесті салықтық әкімшілендіруді жақсарту мен  АҚШ доллары бағамының өсуі есебінен алу  анықталып отыр.

Барлық осы көрсеткіштер өсудің негізгі әлеуеті әкімшілік факторларға сүйенетінін көрсетеді, бұл өз кезегінде кәсіпорындардың қалыпты қызметі үшін елеулі қауіп тудыруы және экономиканы қалпына келтіру процестерін баяулатуы мүмкін. 

Бірқатар мемлекеттік бағдарламалар  бойынша республикалық бюджет жобасы бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруға  түпкілікті  бағдарланудың  жоқтығын көрсетуде.

Мысалы, «Нұрлы жол»  инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі іс-шараларды қаржыландыруға жұмсалған миллиардтаған шығынға қарамастан, олармен бүгінгі күнге дейін қандай да бір толыққанды экономикалық қайтарылым қамтамасыз етілмеген. Бұдан басқа, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметінің өзін-өзі ақтайтын қаржылық моделінің жоқтығынан және үкіметтік кепілдіктер арқылы үкіметтік емес қарыздарды тарту құқығының болуына байланысты жоспарлы кезеңде компанияның 162 млрд. теңге көлемінде қарызын өтеу және оған қызмет көрсету мемлекеттік бюджет қаражатының  есебінен болжанып отыр.

Біздің көзғарасымыз бойынша «QazExpoCongress Ұлттық компаниясы» АҚ-ның іс-шараларын Ұлттық қордан 3 млрд.теңге мөлшерінде нысаналы трансферт есебінен қаржыландыруға жол берілмеуі керек, өйткені компания нысандарын халықаралық кездесулерді өткізу үшін пайдалану және әріптестік жалдаушылардың  пайда болуына жағдай жасау болып табылады.

Экономикалық өсімді қалпына келтіруде БЖК және ҚЗЭ бағдарламалары ерекше орын алады. 4 қыркүйектегі жағдай бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде банктер 315,7 млрд теңге сомасына 604 қарыз берді. Төтенше жағдайды енгізуден зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерін жеңілдікпен несиелеу  бағдарламасы бойынша 353,1 млрд теңгеге 2,5 мың өтініш  қанағаттандырылды.  Бірақ,  жалпы алғанда, бұл  белсенді жұмыс істеп тұрған  шағын және орта бизнес кәсіпорындарының тек 2% - ға жуығы  ғана бағдарламаларға қатысуын қамтамасыз етуде.

Аталған бағдарламаларға осы жылы бірқатар оң және уақытша өзгерістер енгізілді. Алайда, жалпы алғанда, COVID-19 байланысты туындаған қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, инвестициялық жобаларды іріктеудің тәсілдері мен әкімшілік басқару процесінің өзін тұжырымдамалық тұрғысынан қайта форматтау іске асырылған жоқ. Ал бұл жаңа технологиялар, цифрландыру және онлайн-платформалар, олар коронавирустық жағдайындағы жаңа экономикалық архитектураны құруда шешуші рөл атқарады.

Өкінішке қарай, бұл үрдістер қаралып отырған бюджет шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының индикаторлары жүйесін  құруда өз деңгейінде тиісті көрініс таппады.

Тұтастай алғанда, қаралып отырған 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы кейіннен экономикалық өсуді қалпына келтіруге бағдарланып, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру міндеттеріне жауап беретінін назарға ала отырып, «Ақ жол» фракциясы айтылған ескертулерді ескеріп, осы заң жобасын қолдау мүмкін деп санайды.