20
Тамыз

Дания Еспаева Шымкентте «Әділет TV» республикалық телеарнасының ашылуына қатысты

20 тамызда Шымкент қаласында «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева «Әділет TV» республикалық телеарнасының ашылу салтанатына қатысты.

Іс-шараға партия өкілдері Қазыбек Иса мен Исламбек Төлебаев, сондай-ақ жаңа телеарнаның ұжымы қатысты.

Кездесу барысында «Ақ жол» өкілдері телеарна ұжымын жаңа бастамамен құттықтап, қоғамдағы ашық диалогты қалыптастыруда және азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді көтеруде бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сайлауалды науқан аясында қатысушыларға «Ақ жол» Демократиялық партиясының саяси бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, отандық кәсіпкерлікті қолдау, қуатты орта тап қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, парламенттік бақылауды күшейту және партияның өзге де бастамалары сөз болды.

Дания Еспаева ашық ақпараттық орта мен кәсіби журналистиканың қоғам дамуы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Бұқаралық ақпарат құралдары азаматтардың нақты мәселелері көтерілетін, түрлі пікірлер айтылатын және қоғам мен мемлекет арасында мазмұнды диалог қалыптасатын алаң болуы тиіс.

Партия өкілдері «Әділет TV» ұжымына кәсіби табыс, қоғамдық маңызы бар мәселелерді объективті жариялау және жаңа жобаларына сәттілік тіледі.