31
Мамыр

31 мамыр - "Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

31 мамыр - "Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай "Ақ жол" партиясы Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері мен партиядан сайланған облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары,  облыстық Кеңес мүшелері мен кәрістер ассоцияциясындағы партия белсенділері қаладағы "Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориялдық ескерткішке" барып, құрбан болған ата-бабаларды рухына бас ие бір минуттық үнсіздікпен еске алып, оларға арнап  Тағзым гүлін қойып, арнайылап құран бағыштады.

Ашаршылық кезінде Қызылорда облысы бойынша 4038 отбасы қуғынға ұшырап, 1153 адам атылған.