31
Мамыр

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр 2025 жыл, Ақмола облыстық филиалы

Бүгін – ел тарихындағы ең ауыр, ең қасіретті беттердің бірі. Бұл күн – жазықсыз жапа шеккен мыңдаған тағдырға, өшпес өкінішке толы күн.

“Ақ жол” Демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалы мен Көкшетау қалалық мәслихат депутаты Қанат Сердалин және партияның жастар қанатының өкілдері саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Бұл – тарихты ұмытпай, өткеннен сабақ алу жолындағы жауапты қадам.

Алаш ұлдары “халық жауы” деген жаламен атылып, жер аударылып, абақтыларда азап шекті. Бірақ олар өз халқына, өз еліне деген махаббатын ешқашан жоғалтпады.

Бұл — тек тарих емес. Бұл — әрбір қазақтың жүрегінде жаңғырып тұруы тиіс тағдыр.

Тарихты білу — өткенге тағзым, болашаққа аманат.

Бүгін – аза тұтар күн. Бүгін – тағзым етер күн.

Азаттық жолында шейіт болған ардақтылардың рухы алдында бас иеміз!

Мәңгі есімізде. Мәңгі жүрегімізде.