31
Мамыр

31 мамыр – Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Біздің халық қуғын-сүргін құрбандарын, кеңестік тоталитарлық жүйенің оздыр, зұлым саясатының салдарынан жазықсыз жапа шеккен  қайраткерлердің есімдерін еске алып, олардың рухтарына құрмет көрсетуді – биік парызы санайды.

Қуғын-сүргін жылдарының жалыны Әулиеата өңірін де жалындай шарпығаны тарихтан белгілі. «Халық жауы» деген жалған жаламен облыстың 5 мыңнан астам тұрғыны жазалауға ұшырап, 800-ден астамы жазықсыз атылып кеткен.

Бүгін жамбылдықтар, саяси партиялар, оның ішінде «Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова, партия атынан бір мандаттық жүйемен сайланған Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Дәурен Ахметжаев, Жастар кеңесінің төрағасы Қадыржан Есенов, Жастар кеңесінің мүшелері Бақытжан Момышев пен Жәнібек Жетпісбай қоғамдық ұйым мүшелерімен бірге Тараз қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, рухтарына тағзым етті.

Іс-шара соңында ақжолдықтар боздақтар рухына Құран бағыштады. “Біз, Ақ жол” партиясының мүшелері тұтас ұлтқа қасірет әкелген нәубет жылдардың құрбандары рухының алдында бас иеміз. Өткенге құрмет - тарихтан тағылым алған халықтың ұлағатты ісі”, дейді ақжолдықтар.