21
Мамыр

43-ші ЖОББМ оқушыларымен - пікірталас қозғалысының қатысушыларымен кездесу өтті

21 мамыр 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы

“Ақ жол” ҚДП Павлодар филиалы төрағасының орынбасары Дмитрий Викторович Корепанов оқушыларға партия қызметінің негізгі бағыттары, “Алаш” қозғалысына қатысушылардың тарихы туралы айтып, өзінің кәсіби қызметіндегі жеке тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараның мақсаты - жастардың саяси және құқықтық мәдениетін арттыру, жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу.

Кездесу соңында Дмитрий Викторович мектеп кітапханасының қорына “Алаш” және “Ақ жол” партиялары туралы кітаптар тапсырды.

“Ақ жол” партиясы жастардың бастамаларын белсенді қолдауды жалғастыруда.

Ағымдағы жылға оқушылар арасында пікірталас қозғалысын дамыту бойынша бірқатар бірлескен іс-шаралар өткізу жоспарланған.