06
Мамыр

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы ізгі бастама көтерді

6 мамыр 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы ізгі бастама көтерді. Партия қызметкерлері ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында қызмет етіп жүрген әскери және полиция қызметкерлерінің балаларын арнайы кеңсеге шақырып, мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Балаларға арналып өткізілген шарада олар өз қолдарымен Отан қорғаушыларына арналған ашық хаттар мен түрлі-түсті құттықтаулар жасады. Әр бала жүрегіндегі алғысы мен тілегін сурет пен сөз арқылы жеткізуге тырысты. Бұл – олардың батыр әкелеріне деген құрметінің белгісі іспетті әсерлі сәттерге толы күн болды.

Іс-шара соңында балаларға арналған көңілді пицца-пати өтіп, мерекелік дастархан жайылды.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – балалар арқылы олардың әкелеріне қуаныш сыйлау еді. Себебі бала қуанса – әке де қуанады. Бейбіт күннің батырлары үшін осы бір шынайы сәттер – үлкен рух пен демеу екені сөзсіз.