7 мамыр 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Семей пікірсайыс қауымдастығы мен “Ақ жол” Демократиялық партиясының
бірлесуімен қалалық деңгейде дәстүрлі “Asau CUP” пікірсайыс турнирі
ұйымдастырылады.
Бұл турнир — жастардың ой-өрісін кеңейтіп, азаматтық ұстанымын
қалыптастыратын маңызды алаң. Пікірсайыс арқылы жастар Отанға деген сүйіспеншілігін,
жауапкершілік пен парасатты ойлау қабілетін көрсетеді.
Іс-шараға Семей қаласының мектептері, колледждері мен университеттерінен
үздік жас спикерлер қатысады.
Патриоттық рухты дәріптейтін бұл дода — ел қорғаны саналатын жастардың
білім мен сөз қуатын паш ететін зияткерлік сайыс!
Ұйымдастырушылар:
Семей пікірсайыс қауымдастығы
“Ақ жол” Демократиялық партиясы
