Қызылорда мен аудандардағы дәрігерлермен кездесіп, пандемия кезінде мыңдаған азаматтарымызды құтқарғаны, жанын сақтап қалғаны үшін шексіз алғысымызды жеткізіп, президент Қ.Тоқаев күні кеше ғана айтқандай, індеттің келесі толқынына дайындалуды талқыладық. Біраз мәселе министрлік немесе үкіметтік деңгейде көтерілуі керек екен.
COVID-19 пандемиясымен күрескен кезде ерекше ерлік пен мейірімділік көрсеткен бір топ ақ халатты азаматтар мен азаматшаларға “Ақ жол” партиясы атынан қоғамдық төсбелгі тапсырдық