09
Қазан

А.Перуашев жаңақорғандық кәсіпкерлермен кездесті

https://t.me/peruash/394

Жаңақорғандағы кәсіпкерлермен кездесіп, кәсіпкерлерді қолдауға арналған ағымдағы мемлекеттік іс-шараларды талқыладық.


Өкінішке қарай, көптеген дұрыс бастамаларға бөлінген қаражат жетіспей, аудандарға дейін жетпейді екен. Кездесуге қатысқан Қызылорда облыстық “Атамекен” палатасының кеңес төрағасы Қайрат Боранбаевтың айтуынша, инновациялық гранттарға -облыс кәсіпкерлері 1 млрд 300 млн теңге қажет ететін жобаларға, мемлекет оң есе кем - 130 млн теңге ғана бөлген.
Мемлекет тарапынан несиеге кепілдік беру - ең қажетті инструмент болса, ондай кепілдікті сұраушылардың айтуынша іске асырылмай жатыр.
Банктер беретін несиелердің шарттарына, проценттеріне наразылар көп. Мысалы, бір жобаға несие алғанда, ол жоба әлі іске асырылмай, табыс бермей тұрса да, ал банкке проценттерін төлеуді бірден бастау керек. Сол үшін жаңақорғандықтар “несиелік каникул” сұрап отыр, яғни несиені кәсіп табыс әкелгеннен кейін ғана төлеу керек дейді, т.б. Негізінде, идея жаман емес, ондай мысалдар Еуропа, Ресейде, Жапония, Корея секілді мемлекеттерде бар сияқты, оны зерттеуміз қажет.
Жиналған сұрақтарды Үкімет алдында қоюға дайындаймыз