09
Қазан

А.Перуашевтің Сыр өңіріне сапары

https://t.me/peruash/389

Қызылорда- 1925 жылы Қазақ АКСР-ның тұңғыш астанасы болған қала. Бұл қалада халқымызға "ҚАЗАҚ" атауының қайтарылғанын да айта кеткен жөн.
Сыр өңіріне сапарымда ашаршылық және қуғын сүргін құрбандарына арналған мемориалды ескерткішке тағзым еттік. Осыдан біраз уақыт бұрын дәл осы жерде жаппай жерленген репрессия құрбандарының сүйектері табылған екен.
Қасіретті ескерткіш басында Қазақ Республикасының 100 жылдығына арналған және М.Шоқайды, С.Қожанұлын, басқа да мыңдаған белгілі де белгісіз Сыр елінен шыққан Алаш арыстарын еске алып, сөз сөйлеп, гүл қойдық.
Еске алу акциясынан соң аруақтарға құран бағыштадық.