06
Қазан

А.Перуашевтің Мәжілістің жалпы отырысында «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасын талқылау барысында сөйлеген сөзі

«Ақ жол» демократиялық партиясының «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасы бойынша ұстанымы

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы, құрметті әріптестер.

Жалпы, бұл заң жобасын көптен күткен заң деп атауға болады. Бизнес қауымдастық он жылдан астам уақыт бойы отандық өнеркәсіпті салалық заң деңгейінде жүйелі қолдау қажеттілігі туралы айтып келеді.

Заң жобасында қолданыстағы қолдау шараларын жүйелеуге жақсы қадам жасалды, бұл сөзсіз мойындауға лайық әрекет.

Сонымен қатар, «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы аталған құжаттың бірқатар кемшіліктерін атап өтуге мәжбүр:

1) Бизнес үшін жаңа, серпінді тәсілдер мен ынталандырулардың болмауы. Орта бизнесті қолдау, субсидиялаудың нарықтық қағидаттарына көшу және т. б. сияқты Президент тапсырмаларына сәйкес келмеуі.

2) Заңда әртүрлі қолдау шаралары айтыла тұра, бұл шаралардың ешқайсысы заңда тікелей жазылмаған. Оларды қолдану тәртібі барлық жерде салалық мемлекеттік органдардың шешімдеріне сілтеме нормалар арқылы көрсетілген. Мұндай тәсіл шығармашылық үшін де, сыбайлас жемқорлық көріністері үшін де, әсіресе жеңілдіктер мен субсидиялар туралы сөз болғанда да кең мүмкіндіктер қалдырады. Сондықтан біз құжаттардың толық тізбесі, ұсыну өлшемдері немесе осы преференцияларды заңда тікелей жазудан бас тарту негіздері сияқты ең болмағанда базалық тәсілдерді қолдануды неғұрлым дұрыс деп санаймыз.

3) Заң жобасы барлық даму институттарын одан әрі таратуды ұсынды. Бірақ «Бәйтерек» ҰБХ немесе БОК сияқты алыптарды есепке алмағанның өзінде, «Каз трэйд», «Каз Индастри», «Казак Экспорт», «Каз Тек Венчурз», «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Инжиниринг орталығы» АҚ сияқты мемлекеттік компаниялардың кеңселерге, автомобильдерге, сәнді астаналардағы шетелдік өкілдіктерге және т.б. шығыстарды есептемегенде, 500-ден астам қызметкері және 2,5 млрд теңге жалақы қоры бар.

Кейде тіпті түсініксіз: бұл шенеуніктер өнеркәсіп үшін қажет пе, әлде өнеркәсіп  солар үшін жұмыс жасай ма?

Ал енді осы заң жобасында осындай құрылымдардың өңірлік филиалдарын құру ұсынылды, дегенмен барлық облыстарда жергілікті кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары да, кәсіпкерлер палаталары да бар.

«Ақ жол» фракциясы депутаттарының талабы бойынша Үкімет жаңа «синекуралар» жасамауға келісті. Бірақ біреу оларды заңға «итермелеген» сияқты? Ал қалған «жабысқақтармен» не істеуге болады?

4) Мәлімделген мақсаттардың нақты құралдарға сәйкес келмеуі.

Мысалы, 51 б. «Қосылған құнның жаһандық тізбегіне кіру».

Кәсіпкер осы бапты оқығанда не күтеді? Оған халықаралық нарыққа өз өндірісімен қалай қосылу, өнімді игеру және оны өткізу үшін серіктестер табу шаралары ұсынылады деп күтеді. Ал біз осы баптан нені көре аламыз?

1-тармақ – «Қосылған құн тізбегі - бұл процестер тізбегі», оның соңында «өнімдер барлық кезеңдердің құндылығынан үлкен мәнге ие болады».

2 -тармақ – «Жаһандық тізбектерге кіру ... технологиялар трансферті үшін жағдай жасайды».

Бар болғаны осы ма (?!)

Ал нақты айтқанда, бұл заң біздің кәсіпорындарға осы жаһандық тізбектерге қосылу үшін қандай қолдау көрсетеді?! Ешқандай.

Ең бастысы, бапты әдемі әрлеп қойған, ал түпкі мәнін әркім өзі түсініп алсын. Осы баптан практикалық тұрғыдан қандай «нәтиже» алуға болады? Нөл.

Немесе 48-тармақ – «Берешекті қайта құрылымдау». Өте маңызды және қажетті тақырып!

Тағы да, нақты шаралардың орнына – қайта құрылымдау деген не және ол не үшін қажет екенін сипаттау ғана көрсетілген.

Бірақ мұның бәрі онсыз да белгілі. Ал кәсіпорындарды қолдау шаралары қайда, мысалы, банктермен келіссөздерде? ЕДБ мен қарыз алушының шығындарын бөлу қайда? «Шығындар» кімнің есебінен өтеледі?

Осындай маңызды бірде-бір ақпарат көрсетілмеген.

Заң жобасының көптеген ұқсас баптарын әзірлеушілер жай ғана Википедиядан жүктеп алған секілді. Бірақ бұл заң деңгейі емес, екінші курс студентінің рефератымен тең.

5) Бұл ретте әзірлеуші осы құжатқа тікелей қатысы бар адамдардың ұсыныстары мен қажеттіліктерін тыңдағысы келмейді. «Ақ жол» фракциясының депутаттары өнеркәсіп кәсіпорындарымен талқылау бойынша негізгі заңға 27 нақты түзетулер және ілеспе заң жобасына ондаған түзетулер дайындады.

Өкінішке орай, Үкімет бұл ұсыныстардың көпшілігіне теріс қорытынды берді. Атап айтқанда, біз келесілерді заңдастыруды ұсындық:

- оффтейк келісімшарт ҚДБ және ЕДБ арқылы қорландыруды қамтамасыз ету ретінде. Осыған мағынасы ұқсас 39-бап бар. «Кепілдендірілген тапсырыс», бірақ егер бұл тапсырысты банктік кепілдік ретінде пайдалану мүмкін болмаса, онда атаудың өзі экономикалық мағынасын жоғалтады да жай ғана манекенге айналады. 

- жаңа технологиялық өнім өндіруге техникалық құжаттаманы (немесе лицензияларды) сатып алуға арналған шығындарды субсидиялау

- алдыңғы қатарлы халықаралық брендтердің өндірістік франшизасын төлеу шығындарының бір бөлігін өтеу (мұнда жаһандық құн тізбегі бар!)

- салықтық және кедендік преференциялар: технологиялық өнімге ҚҚС-тың салалық мөлшерлемесі, жабдықтар мен материалдардың импортына баж салығынан босату.

Сонымен қатар, Үкімет инвестициялық субсидиялар сияқты өнеркәсіптік саясаттың маңызды құралынан бас тартты (инвестициялардың 30%-н қайтару түрінде).

Бұл құрал көптеген елдерде сәтті қолданылады, біз оны 2014 жылы енгіздік, бірақ оны бірде-бір кәсіпорын қолданбаған.

«Ақ жол» фракциясы осы жылдар бойы бұл норманы сақтап қана қоймай, оны орта кәсіпорындарға да таратуды талап етті. Бұл біздің ұсынысымыз Мемлекет басшысының орта бизнесті қолдау туралы бірнеше рет берген тапсырмаларымен үндеседі.

Нәтижесінде префернция жай алынып тасталды және Үкімет оны қалпына келтіру туралы ұсынысымызды бұғаттады.

 6) Қаралып отырған заң жобасында отандық өнеркәсіп үшін мынадай маңызды тақырыптар көрініс таппады:

- импортты алмастыру

- өндірісті оқшаулау және қазақстандық қамтуды дамыту

- ішкі нарықты жосықсыз бәсекелестіктен қорғау шаралары

– техникалық реттеу - өнеркәсіптік саясатты техникалық реттеусіз қалай көрсетуге болады?!.

- офсеттік саясат, яғни шетелдік жер қойнауын пайдаланушылардың өңдеуші өнеркәсіпке қарсы инвестициялары.

Егер шетелдік алыптар қазақстандық жер қойнауын пайдаланса, онда бүкіл әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, олар біздің экономикамыздың технологиялық дамуына да жәрдемдесуі керек.

Оның ішінде бұл міндет БК құру және пайдаланылатын жабдықты өндіруге арналған техникалық құжаттаманы, сондай-ақ оған ауыстырылатын бөлшектерді беру арқылы шешіледі.

Бірақ заңда мұндай талаптар да, тәсілдер де жоқ.

Алайда «Ақ жол» фракциясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығында мемлекетіміз бен қоғамымыз ірі шетелдік инвесторлардың алдына осындай талаптар қоюға әбден дайын деп есептейді.

Офсеттік саясат осы заңның негізі болуы керек.

Және де бұл талқыланатын құжатқа қатысты біздің ескертулеріміздің бір бөлігі ғана.

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы, құрметті әріптестер.

Кеше «Ақ жол» партиясы осы Заң жобасы бойынша біздің фракцияның арнайы отырысын өткізді. Онда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, сондай-ақ Ұлттық экономика және қаржы вице-министрлері «Ақ жол» депутаттарымен біздің түзетулерімізді егжей-тегжейлі талқылады.

Мемлекеттік органдар олардың барлығы бойынша кеше түсіністік танытып, қажетті тәсілдерді әзірлеуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл оптимисті ойлауға жетелейді.

Бір таңқаларлығы, олар Үкіметтің сол позициялар бойынша теріс қорытындысын дайындауда бірдей түсінік берген жоқ. Олар кеше ғана пайда болған жоқ, алдыңғы сессияға жіберілген болатын.

Екінші оқылымға дейін Үкімет біздің дәлелдерімізді тыңдайды және біз қазақстандық өнеркәсіптің күткен құжатына қол жеткіземіз деп үміттенеміз. Сонымен қатар, дүйсенбіде біз тағы бір түзетулер пакетін жібердік және бұл жұмысты жалғастырамыз.

Бірақ қазіргі нұсқада ол мұндай үміттерді ақтамайды және келесі кезеңде терең жетілдіруді қажет етеді.

Баяндалғанның негізінде, «Ақ жол» депутаттық фракциясы қаралымдағы заң жобасын бірінші оқылымда қолдау мүмкін емес деп санайды және осы құжат бойынша дауыс беру кезінде қалыс қалады.

Назарларыңызға рақмет!