ҚР Премьер-Министрі
О. А. Бектеновке
Таяу Шығыста болып жатқан
халықаралық дағдарыс мемлекетіміздің шетелдегі өз азаматтарын қорғау қабілетіне
ең күрделі сынақ болды. Осыған байланысты бір жайтты айрықша атап өткен жөн –
Қазақстан Республикасы бұл сынақтан абыроймен өтті.
«Ақ жол» демократиялық партиясы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше алғыс білдіреді. Ол жедел шешім
қабылдауды қамтамасыз етіп, соның нәтижесінде Қазақстан азаматтарын соғыс
аймағынан эвакуациялау жұмыстары ауқымды түрде ұйымдастырылды. Айта кетерлік
жайт, тек туристер емес, мемлекеттің қамқорлығына Қазақстандық студенттер, сол
елдерде жұмыс істейтін мамандар, тұрақты тұратын азаматтар және өзге де
отандастарымыз ілікті.
Қазақстанның ұйымдасқан әрі батыл
іс-қимылдары Қазақстандықтар арасында ғана емес, Қазақстан Үкіметінің
іс-әрекетін өз шенеуніктеріне үлгі қып көрсеткен басқа ел азаматтары тарапынан
да шынайы құрмет пен жоғары бағалауға ие болды.
Осы ауқымды операцияға үлес
қосқан барлық қатысушыларды атап өткен жөн деп санаймыз:
− коммерциялық мүддемен
шектелмей, тез арада борттарын ұсынған, оның ішінде рейстерді өз қаражаты
есебінен орындаған отандық әуе компаниялары;
− қақтығыс аймағында қалған
клиенттеріне жедел қаржылай қолдау көрсеткен туристік операторлар мен банк
секторы;
− азаматтарға бағдар беру,
орналастыру, тамақтандыру және елге қайтаруды қамтамасыз еткен бизнес өкілдері
мен мемлекеттік органдар.
Қазақстанның тек өз азаматтарын
қорғаушы мемлекет ретінде емес, халықаралық қауымдастықтың жауапкершілікті
мүшесі ретінде әрекет еткені айрықша маңызды. Қолда бар мәліметтерге сәйкес,
Қазақстандық әуе кемелері Қазақстандықтардан бөлек Қырғызстан, Өзбекстан және
басқа да елдердің азаматтарын негізінен ақысыз эвакуациялаған.
Операцияға қатысқандардың көбі
шынайы ерлік танытып, Президент Қ. Тоқаевтың шешімімен жоғары мемлекеттік
наградалармен марапатталды.
Бұл жағдай Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен өз азаматтарын құрмет тұтып, қорғай білетін мемлекетіміздің статусы үшін мақтаныш сезімін одан да қатты күшейтті.
Аталған оқиғалардың шарықтау
кезеңі 5 наурызда «Ақ жол» фракциясы мемлекеттік және жеке ұйымдардың өзара
іс-қимылына қатысты Үкіметке депутаттық сауал жолдады.
Үкіметтің берген жауабы алдағы
уақытта жүйелі шешімдер ойластыру қажеттігін көрсетеді.
Атап айтқанда, ұсынылған
материалдарға сәйкес, эвакуацияланған 10 мыңнан астам азаматтың ішінен
ұйымдастырылған туристерді қорғау функциясы жүктелген әрі әрбір туристік
жолдаманың міндетті аударымдары есебінен қаржыландырылатын «Туристік Қамқор»
қоры тек 3 мың адамның ғана орналасуы мен тамақтануын қамтамасыз еткен.
Осылайша, ауқымды дағдарыс
жағдайында негізгі күш мемлекетке, әуе тасымалдаушыларына және өзге де бизнес
субъектілеріне түсті.
Сонымен қатар, халықаралық
жағдайдың жалпы тұрақсыздығын және жинақталған тәжірибені ескере отырып,
болашақ үшін мұндай өзара іс-қимылдың тетіктері мен хаттамаларын пысықтау
маңызды деп санаймыз.
Сондай-ақ, жүргізілген
іс-шаралардың ауқымын нақтылау мақсатында «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы
төмендегіні хабарлауды сұрайды:
1. Қазақстан Республикасының
азаматтарын қақтығыс аймағынан эвакуациялау операциясының жалпы құны қандай?
2. Көрсетілген шығындардың қандай
бөлігі мемлекет есебінен қаржыландырылды?
3. Жалпы шығынның қанша бөлігін
нақты түрде жеке бизнес өз мойнына алды және бұл шығындардың қаншасы мемлекет
тарапынан өтелді?
4. Туристерді қорғау функциясы
жүктелген «Туристік Қамқор» қоры эвакуация барысында қандай шығын көлемін
көтерді және қандай ұйымдастырушылық рөл атқарды?
5. Болашақта осыған ұқсас
жағдайларда әрекет ету үшін Үкімет қаржылық резервтер қалыптастыру және
сақтандыру тетіктерін енгізу мәселелерін қоса есептегенде қандай жүйелі шаралар
әзірлеуде?
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары
С. Ерубаев,
А. Перуашев,
Д. Еспаева,
Е. Барлыбаев,
Қ. Иса,
О. Нұралдинов.