«Ақ жол» Ақтауда Президент сайлауына байланысты акция өткізді - Казак унi (Алматы)
Ақтауда Каспий теңізі жағасында «Ақ жол» партиясының бастамасымен бірнеше саяси партия мен қоғамдық ұйымдар «ҚР Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевты қолдаймыз» атты қоғамдық акция өткізді.
Қоғамдық акцияға арнайы Астана қаласынан Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, «Қазақ үні» газетінің Президенті Халықаралық «Алаш» сыйлығының, Халықаралық Сергей Есенин атындағы «Золотая осень» орденінің иегері Қазыбек Иса, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының мүшесі, Қаржы және бюджет комитетінін мүшесі Нұрлан Жазылбеков келді.
Сондай-ақ, бұл шараға «Нұр Отан», «Патриоттар» мен «Бірлік» партиясының, «Ауған соғысы ардагерлері» және басқа да бірқатар ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиында сөйлеген «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын «Ақ жол» партиясының қолдайтындығын жеткізді. Сондықтан да, аймақтарда шаралар өткізіп жатқанын айтты. Мұның алдында партия төрағасы Азат Перуашев «Прагматиктер мен реалистep партиясы ретінде біз кейбір партиялардың өз кандидаттарын елбасы фигурасымен қатар қоюы Назарбаевтың қазіргі Қазақстандағы рөлі мен тұлғасын жөнсіз төмендетеді деп санаймыз» деген еді.
Жиында сөз алғандар Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевты қолдап, дауыс беруге шақырды. Маңғыстау халқына, жалынды жастарына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Дерекнама - Казак унi (Алматы), № 14-15 (673), 14.04.2015