Құрметті азаматтар, автомектептер мен қоғамдық
бірлестіктер өкілдері, сарапшылар және барша мүдделі тұлғалар!
Қыркүйек айында
«Ақ жол» партиясының Қазақстан Республикасы Құрылтайындағы фракция депутаттары
емтихан тапсыру кезіндегі ұзақ кезектер мәселесін көтерген болатын. Алайда, осы
уақытқа дейін бұл мәселе өз шешімін таппай отыр.
Қазақстанда
жүргізушілерді даярлау және жүргізуші куәлігін алу үшін емтихандар өткізу
саласында кешенді әрі жүйелі шешімді қажет ететін бірқатар қордаланған
мәселелер қалыптасты.
Жүргізушілерді
даярлау және емтихандар өткізу жүйесін жетілдіру, соның ішінде, Қазақстан
Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар
жинау басталғанын хабарлаймыз. Мәселенің
мән-жайын нақты сипаттап әрі негіздеп, оны шешудің нақты жолдарын ұсынып,
талдамалық материалдарды тіркей отырып, ұсынылып отырған өзгерістердің
салыстырмалы кестелерін қоса жолдауды сұраймыз.
Ұсыныс жолдауға
барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады: жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер мен
олардың ата-аналары, автомектептер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері,
заңгерлер, сарапшылар.
Мазмұнды әрі
дәйекті ұсыныс авторлары Қазақстан Республикасы Құрылтайы жанынан құрылатын
жұмыс тобының құрамына қатысуға шақырылуы мүмкін.
Сіздердің
ұсыныстарыңыз Қазақстанда жүргізушілерді даярлау және емтихандар өткізу жүйесін
жетілдіруге бағытталған нақты әрі тиімді шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді.
Ұсыныстарды
қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 26 қарашасына дейін мына электрондық пошта
арқылы: info.kense@akzhol.kz,
8 (7172) 602-676.
Кері байланыс
орнату үшін ұсыныстарды жолдаған кезде аты-жөніңіз бен байланыс телефоныңызды
міндетті түрде көрсетіңіз.
Саладағы
түйткілді мәселелерге қатысты материалдарды, соның ішінде БАҚ жарияланымдарын,
депутаттық сауалдар мен мемлекеттік органдардың жауаптарын төмендегі сілтеме
арқылы жүктеп алуға болады:
Материалдарды
жүктеу:
https://drive.google.com/drive/folders/1vOXGfnz0bAc3aVJ7BtBwfTgUPzffkPo?usp=drive_link