07
Шілде

«Ақ жол» демократиялық партиясы 20 жылдығына арналған «Әр қазақ менің - жалғызым» дәстүрлі фотобайқауын жариялайды

7 шілде 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі 

Фотобайқаудың мақсаты – портреттік, тақырыптық және өзге де жанрдағы Қазақстанның әсем табиғатын, қарапайым еңбек адамдарының тұрмыс-тіршілігі мен келбетін, қазақ тарихының маңызды оқиғаларын, Алаш ұстанымын насихаттауды фотосурет арқылы ашу.

Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар:

Байқауға жас ерекшелігіне, мамандығына қарамастан, Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын кәсіби және әуесқой фотографтар қатыса алады.

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

Әрбір қатысушының байқауға жіберген жұмысы 5 (бес) суреттен кем және артық болмауы тиіс.

Бір автор тарапынан байқауға ұсынылған 5 (бес) сурет жанры, тақырыптық си­паты және мазмұны жағынан әртүрлі болуы шарт.

Жұмыстар 2022 жылдың 15 қыркүйегіне дейін  https://akzhol.kz/байқау/ тіркеу  сілтемесіне тіркелу арқылы қабылданады.

Жұмыстарға дауыс беру «Ақ жол» партиясының ресми сайтында https://akzhol.kz/fotokonkurs-2/ сілтемесі бойынша 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін жүргізіледі.

Дауыс беру нәтижесі бойынша ең көп дауыс жинаған 20 (жиырма) жұмыс байқау комиссиясының бағалауына жіберіледі. Байқаудың жеңімпаздарын тәуелсіз кәсіби сарапшылардан тұратын қазылар алқасы анықтайды.

Байқаудың толық ережесімен мына сілтеме https://akzhol.kz/kk/polozhieniie-traditsionnogho-fotokonkursa-moi-narod-moia-strana-posviashchiennogho-20-lietiiu-partii арқылы таныса аласыздар

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен дипломдар беріледі. Байқаудың жалпы жүлде қоры 2 000 000 (екі миллион) теңге.

Кәсіби фотографтар үшін; 

I орын600 000 (алты жүз мың) теңге

II орын – 400 000 (төрт жүз мың) теңге

III орын – 200 000 (екі жүз мың) теңге

Әуесқой фотографтар үшін;

I орын300 000 (үш жүз мың) теңге

II орын – 200 000 (екі жүз мың) теңге

III орын – 100 000 (жүз мың) теңге

Ынталдандыру сыйақысы 50 000 (елу мың) теңгеден 4 (төрт) адамға;

Фотоконкурстың нәтижесі 2022 жылдың 25 қазанға дейін жарияланып, «Ақ жол» партиясының ресми сайтында https://akzhol.kz/ және  https://www.facebook.com/aqjolpartiyasy/, https://www.instagram.com/akzhol_partiyasy/ әлеуметтік желілерінде жарық көреді. Оған қоса жүлделі орындарға ие болған жұмыстар республикалық «Қазақ үні» газетінде жарияланады.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 602-673, электронды пошта: press-akzhol@mail.ru