30 шілде 2025 жыл, Абай облыстық филиалы⠀
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында «Ақ жол» демократиялық
партиясының Абай облыстық филиалы ұлы ақын, философ, ағартушы Абай атамызды
ұлықтау мақсатында Семей қаласындағы Абай саябағында орналасқан ескерткішіне
гүл қою рәсімін өткізді.
Шара барысында партия мүшелері мен жастар кеңесінің өкілдері Абайдың
мәңгілік мұрасы мен рухани құндылықтарын еске алып, оның ұлттық идеологиядағы
орнына тағы бір мәрте назар аударды. Гүл шоқтарын қою арқылы олар Абайға деген
құрмет пен тағзымын білдірді.
Бұл рәсім — ұлы тұлғаның рухын құрметтеу ғана емес, жастарға оның өнегелі
жолын насихаттау жолындағы маңызды қадам.