10 тамыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
10 тамыз – Абай Құнанбайұлының туған күні. Биыл ұлы ойшылдың 180 жылдық
мерейтойы аясында Абай облысы, Қарауыл ауылында ақын ескерткішінің басына салтанатты
гүл қою рәсімі өтті.
Іс-шараға мәдениет саласының өкілдері, қоғам белсенділері және «Ақ жол» демократиялық
партиясы Абай облыстық филиалының мүшелері қатысып, ұлт ұстазының рухына тағзым
етті.
Бұл тағылымды рәсім – Абайдың мәңгілік мұрасын дәріптеудің, өскелең ұрпаққа
өнеге болудың бір көрінісі. Ұлы ақынның даналыққа толы сөздері мен мұралары
бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпай, болашаққа жол көрсетіп келеді.