06
Тамыз

«Ақ жол» демократиялық партиясы Абай облыстық филиалы жастар кеңесінің мүшесі «ABAI RUKHY FASHION WEEK» сән көрсетіліміне модель ретінде қатысты

6 тамыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында Семей қаласында халықаралық деңгейде ұйымдастырылған «ABAI RUKHY FASHION WEEK» сән көрсетілімі өз шымылдығын түрді.

Аталған сән апталығы аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің мүшесі Асқарова Медина модель ретінде қатысып, ұлттық мұраны дәріптеуге үлес қосуда.

Сән көрсетілімінің мақсаты — қазақ халқының бай мәдени мұрасын, ұлттық болмысын заманауи дизайнерлік шешімдер арқылы жаңаша бейнелеу.

Іс-шара үш бағытта өтеді:

1-күн — «Абай – шабыт көзі»: XIX ғасыр стиліндегі ұлттық киімдер, хәкім Абайдың шығармашылығымен үйлескен сахналық көріністермен толықтырылады.

2-күн — «Қазақи стиль – заманауи үлгіде»: этно-стиль мен урбанистиканы тоғыстырған киім үлгілері ұсынылады.

3-күн — «Мұра – болашаққа жол»: экологиялық әрі инновациялық материалдардан дайындалған жас дизайнерлердің топтамалары көрсетіледі.

Үш күнге созылатын бұл мәдени бастама – Абай мұрасын қазіргі өнер кеңістігінде жаңаша ұсынудың жарқын көрінісі болмақ.