09
Тамыз

«Ақ жол» демократиялық партиясы Абай облыстық филиалының мүшелері «Сұлу әйел» байқауының көрермені болды

9 тамыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Қарауыл ауылында үлкен мәдени шара – «Сұлу әйел» байқауының екінші шешуші кезеңі өтті.

Бұл айтулы шараға «Ақ жол» демократиялық партиясы Абай облыстық филиалының мүшелері арнайы барып, көрермен ретінде қатысып, үміткерлерге қолдау көрсетті.

Байқау барысында қатысушылар қазақ әйеліне тән әсемдік пен нәзіктікті, ұлттық киім үлгілерін, өнер мен білімін көпшілікке паш етті. Әр үміткер сахнада өзіндік талантымен, зеректігімен және сахна мәдениетімен ерекшеленді. Ұлттық музыка мен би өнері кештің сәнін келтіріп, көрермендерді ерекше әсерге бөледі.

«Ақ жол» партиясы өкілдерінің айтуынша, мұндай байқаулар тек сұлулықты ғана емес, қазақтың салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын дәріптеуге үлес қосады. Партия мүшелері жастар мен көпшілік қауымға өнеге болатын мәдени іс-шараларды қолдау – олардың басты мақсаттарының бірі екенін атап өтті.