7 тамыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Қарауыл ауылында өтетін Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған
кең көлемді мерекелік іс-шараларға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы
маңызды шара аясында киіз үйлер тігіліп, арнайы алаңдар безендірілуде.
Ауқымды мерекеге дайындық барысында волонтерлік бағытта жұмылдырылған
жастардың ішінде «Ақ жол» демократиялық партиясы Абай облыстық филиалының
жастар кеңесінің мүшелері де бар. Олар ұйымдастыру мен дайындық жұмыстарына
белсенді түрде қатысып, ұлттық рухты дәріптейтін тарихи іс-шараның сәтті өтуіне
өз үлестерін қосуда.


