Биылғы жылдың 31 мамырында «Ақ жол» демпартиясы «Алашқа тағзым» дәстүрлі еске алу шарасын өткізеді.
Сағат 14:00-де Партия лидері Азат Перуашев бастаған Мәжіліс депутаттары мен белсенділері Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішіне барып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіп, құран бағыштайды. (Республика мен Абай көшелерінің қиылысы)
Сағат 15:00-де Алжир қасірет мемориалынан барып, зұлмат пен зобалаң құрбандарының рухына құран бағыштап, гүл шоғын қояды. (Ақмола селосы)
Байланыс телефоны: 8 702 725 16 01 Ғазиза